Іргелідегі іргелі істер

Іргелідегі іргелі істер

Таяуда Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі Кемертоған ауылында Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естенов мырзаның басшылығымен және әкімшілікпен бірлесе отырып,  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық  акциясы ұйымдастырылды.  Іргелі округінің әкімшілігі ұйымдастырған «Таза Қазақстан» акциясына Қарасай ауданы «Кемертоған ауылындағы жайлы мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Райсбекова Гүлмира Сейткерқызы және ұжымы қолдау білдірді. Ұжымдағы барлық ұстаздар мен  9 «б» сынып оқушыларының белсене қатысуымен жеміс ағаштарын, талдар отырғызып, айналаны, көшелерді тазалады. Іргелі ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен және әкім Арман Даниярұлы, әкім орынбасары Аркен Ұланұлы, Ескендір Егізбекұлының басшылығымен  әкелінген бірнеше ағаш түрлері де отырғызылды. 

Соңында Жайлы мектептің оқушылары ән айтып,  би билеп келген қонақтарды көтеріңкі көңілмен шығарып салды. Сондай-ақ сенбілікке арнайы әкімшіліктің шақыруымен Кемертоған ауылы мен 17 кварталдың тұрғындарының атынан  Мыңтаев Ерлан мен Қазақбаева Ақлима келіп қатысты. Олар  ауылдастарын «Таза Қазақстан» акциясына қатысуға, мектеп ауласына ағаштар отырғызуға шақырып қолдау көрсетіп қайтты. 17 кварталдың белсенді көшбасшысы Ертаева Сәуле  ауыл тұрғындарын өздері тұратын ауласы мен көшелерінің қоқыстарын активистерімен бірге  жинап-тазалауға жұмылдырды. 

Осы акцияға Қазақстандық боксшымыз, 2000 жылғы Сидней  Олимпиадасының Алтын жүлдегері, 1986 жылғы спорт шебері, 1996 жылғы Атлант Олимпиадасының қола  жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы Ермахан Ибрагимов та қатысты. Ол  Жайлы мектепке келіп тал отырғызып,  соңында  оқушы жастармен кездесу өткізді.  Жарыстан,  эстафетадан жүлде  алған сынып оқушыларына мақтау қағаздарын ұсынып, құттықтады. Оқушылар чемпионға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, сұхбат алды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Жолшыбекова Салтанат Мұратқызы оқушыларды патриотизмге, салауатты өмір салтын ұстануға және табандылық пен мақсаткерлікке тәрбиелеу мақсатында отандық спорттың дамуына зор үлес қосқан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың өмір жолы мен жетістіктері туралы таныстырды. Олимпиада чемпионының жеңімпаздарға өз қолымен қойған қолтаңбасы жас жеткіншектерді одан әрі жігерлендіріп, шабыттандыра түсті. Олардың алдағы уақытта білімге, мықтылыққа,  өздеріне сенімділікке және спортпен айналысуға деген қызығушылықтарын арттырды. Бұл кездесу оқушылар үшін ұмытылмас сәтке айналып, олардың бойында жігер мен табандылық қасиеттерін қалыптастыруға серпін берді.

Айтпақшы,  алдыңғы аптадағы жиналыста Кемертоған ауылының бірнеше көшелеріндегі тұрғындардың талап-өтініштерін  қабылдап алған Қарасай ауданы  әкімі Жасұлан Тоққожаұлы өзінің бұйрығымен 17 квартал мен көршілес жатқан Алтынтөбе сияқты  ауылдарының жолдарына тас төсеп, асфальттап берді. Халықтың қуанышында шек жоқ, себебі ол жолдармен жүретін автокөліктер Жайлы мектепке оқушыларды тасымалдайды.  Әсіресе мектепке баратын балалар мәз-мейрам болып қуанып қалды. Жуырда ғана Іргелі ауылдық округінің  әкімі Арман Даниярұлы мен әкім орынбасарлары Ескендір Егізбекұлы, Аркен Ұланұлы да таңертеңнен бастап басшылыққа жолды жөндеу жұмыстарын бақылап, кешкі уақытқа дейін тексеріп қадағап жүріп, бірнеше көшелерді  техникамен қамтамасыз етіп, тас төселді.

 

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
27.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5682
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5828
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20804
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19427
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22892