Іштен шыққан жау жаман (немесе Божконың ішкі қыжылы)

Іштен шыққан жау жаман (немесе Божконың ішкі қыжылы)

Мәжілістің экс-депутаты Владимир Божко әлеуметтік желіде «қазақ нацистеріне» қыр көрсеткен жазбамен бөлісті. Онда батысшыл, тұраншыл және Украинаға бүйрегі бұратын адамдарды бір ауыз сөзбен «нацистер» деп атаған. Жазба авторы – Семен Уралов өз блогында: «Қазақстанның нацистері, әзірлене беріңдер. Ресейдің Бас прокуроры Игорь Краснов Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловпен кездесті: «Бұл туралы айту ыңғайсыздау. Бірақ маған ұдайы мынадай ақпарат түседі: «Украиндық үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен Қазақстанда да белсенді түрде русофобтық әрекет жасалып жатыр»... Экстремизм мен терроризмге қарсы тұру  тәжірибесімен алмасуға біздің сарапшыларымыз шілде айында Нұр-Сұлтанға келеді. Жақында барлық соросшылар, тұраншылар мен басқа да нацистерге қылбұрау салынады деген үміт бар. Бірқатар қазақ саясаттанушыларына ленталарын барынша тазартып, бұдан былай қайдағы жоқ нәрсені жазбауға кеңес беремін», – деп жазған еді. «Халық қалаулысы» Владимир Божко жерден жеті қоян тапқандай қуанып, бұл жазбаны өз парақшасында бөлісіпті.  Десе де, қазақстандықтарға депутаттың мұнысы ұнамай, Репосттың астында наразылық білдірген: «Репост не үшін жасалғанын түсінбей тұрмын. Бұл қазақтарға сес көрсеткенің бе? Мұның бізге ашық әрі айқын қауіп төндіру! Мемлекеттік қызметте отырып, репост жасауың қазақ халқына айтқан рақметің бе? Қазақтар ешқашан нацист болған емес. Біз соғысқа қарсымыз. Өмірдің өзі көрсеткендей, біз ең бейбітсүйгіш халықпыз. Бізді қорқытпай-ақ қойыңыз!» –  деген жазбалар қаптап кетті. Қоғам наразылығынан кейін депутат жазбаны өшірместен, тек қана жұрт көзінен бұғаттап қойды. Ал сонда Ресейдің бас прокуратурасына арызданушылар кімдер? Олар Қазақстанның азаматтары ма? Ол жағы анық айтылмаған. Осы бір елеусіз ғана оқиғаның астарынан Мәскеудің елдің ішкі ісіне араласуы, прокуратура сынды мемлекеттік құрылымдары арқылы да қысым көрсетуі анық көрініп қалғандай. Сөз ауанынан аңғарылатыны – еуразияшылдардан өзгелердің бәрі «нацистер». Сорақысы сол, мұны кейбір мәжіліс депутаттары қос қолдап қолдап отыр. 

Бұл мәселеге қатысты  пікір білдірген қоғам белсендісі Арман Шораев: « Божко – бұрыннан келе жатқан ватник, сепаратистердің бірі. Путиннің үгіт-насихатын қолдап отырған адам. Ол – орыс әлемін аңсаушы адам. Аяғы – Қазақстанда, басы – Ресейде жүр. Ертең қазақтың басына күн түссе, Путин жаққа шығып, коллаборационист болып шыға келеді. Өкінішке қарай, өзі де барып тұрған ұлтшыл. Кезінде «ауылдан келген қазақтарды Астанаға кіргізбеу керек» деп, мәлімдеме жасап, «таяқ» жеп қалғаны бар. Ол – көп жылдар бойы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде басшылық қызмет атқарған адам. Өткен жүйенің қылмыстары үшін оны да жауапқа тарту керек. Қазіргі парламенттің өзі –  өткен жүйенің көзі», – дейді. Ал Мәжілістің бұрынғы депутаты В.Божконың өзі түк түсінбегендей сыңай танытып, наразы топқа: «Неге сонша дүрліктіңдер? Украинаның арнайы қызметінің арандатуын тоқтату үшін қажет бұл», – деп өтірік мүләйімсіп отыр. 

PS: Мақаланың тақырыбы дұрыс қойылған. Божконы Назарбаев біраз жауапты лауазымды қызметтерге қойды. «Сенген қойым сен болсаң ...» деп оны қанша асырасақ та, «орманға қарап ұлып тұр».  Автор оны соттау керек дейді. Оған шамамыз жете ме? Ең құрығанда оны елден аластау керек. Тілімізді қорғап, шырылдағандарды да шетелге қуып жатырмыз. Ал мынау  Божко деген... Айтарға сөзіміз жоқ. 

Ермек Сахариев
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 73
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 402
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 365
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 984

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9061
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8458
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11685
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9447
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10665