JOLTAP ЖОБАСЫ КӘСІПКЕ БАУЛИДЫ

JOLTAP ЖОБАСЫ КӘСІПКЕ БАУЛИДЫ

Астанада JOLTAP жобасы елордалықтарға кәсіп көзін тауып, табысын көбейтуге мүмкіндік беріп отыр. Жоба аясындағы түрлі қысқамерзімді курстарды тегін тәмамдаған қатысушылардың бірі бүгінде жұмысқа орналасып, бірі кәсіп ашып, жетістікке ұмтылып жатыр. Олардың қатарында көпбалалы ана Ләззат Оралбаева да бар.

Көпбалалы ана ұзақ жылдар бойы өмірін толықтай отбасына арнаған. Дегенмен балалары өскен соң, ол өзіне ұнайтын мамандық тауып, ыңғайлы кестемен жұмыс істемек болды.

Ол JOLTAP жобасы туралы естіп, онда «Сатушы-кассир» курсынан өтті.

«Оқу қарапайым әрі түсінікті болды. Теориямен қоса тәжірибе қатар жүрді.

Нақты кассада жұмыс істеп көрдік. Мұндайда түрлі сұрақ туындайтыны белгілі. Әрі кез келген сауалдарымызға сол бойда жауап алдық. Бұл дегеніңіз тамаша ғой. Өйткені жұмысқа орналасқанда бір нәрсені білмей тұрсақ, ыңғайсыз жағдайға қалар едік. Егжей-тегжейлі түсіндіріп тұруға ондағылардың құлқы да, уақыты да бола бермеуі мүмкін. Сондықтан барлығын курста үйреніп, біліп алғанымыз қандай жақсы», – дейді ол. Курсты аяқтағаннан кейін Ләззат JOLTAP жобасы арқылы жұмысқа да орналасты. Қазір ол дүкенде өзіне ыңғайлы 2/2 кестесімен еңбек етіп жатыр.

JOLTAP жобасының арқасында көпбалалы ананың өмірінде жаңа тыныс ашылды. Бүгінде оның тұрақты табысы бар әрі өзіне деген сенімі нығайды.

Айта кетейік, JOLTAP жобасы аясындағы қысқамерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін түрде қолжетімді. 

Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP.KZ атты жұмыс және қызметкерлерді іздеуге арналған сайтта тегін жарнамаланады.

 

Нағашыбай Қабылбек
20.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20237
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20068
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35189
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33756
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37600