Алматыда AmalBooks баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбайдың БАҚ өкілдерімен кездесуі өтіп, онда «Как управлять казахами» кітабы таныстырылды. Жинаққа Ресей империясының обер-хатшысы Иван Кириллов 1734 жылы дайындаған «Проект об удержании в русском подданстве киргиз и способах управления ими» жобасы, сондай-ақ отарлаудың бастапқы кезеңіндегі процестерді анық көрсететін өзге де тарихи құжаттар енген.
«1731 жылы жоңғарлармен ұзаққа созылған соғыста Қазақ хандығының әлсіреуіне байланысты Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясына бодандыққа өтуге мәжбүр болды. Үш жыл өткен соң обер-хатшы Иван Кириллов Сенатқа «Қазақтарды Ресей бодандығында ұстау және оларды басқару тәсілдері туралы жобасын» ұсынады. 1734 жылы 1 мамырда патшайым Анна Иоанновна Кирилловтың жобасының барлық бөлігін мақұлдап, оны орындауды сол кісіге жүктеді. Жоба авторы көшпелі халықтар арасындағы араздықты қоздыру Даланы бақылаудың ең жақсы тәсілі деп санаған. Құжаттарды 1900 жылы ресейлік тарихшы, этнограф, Орынбор бөлімшесінің Ресей географиялық қоғамының мүшесі және Ғылыми мұрағат комиссиясының мүшесі А. Добросмыслов жинап, жариялаған», – дейді Бақытжан Бұхарбай.
Иван Кирилловтың жобасының түпнұсқа атауына сілтеме жасай отырып, Бақытжан Бұқарбай барлық материалды, оның ішінде Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдиновтың қазақ даласының отарлануының бастапқы кезеңі туралы мақаласын «Қазақтарды қалай басқару керек» атты күрделі шығармаға біріктірді. Сондай-ақ мәтінді қабылдауды жеңілдету үшін ол реформаланғанға дейінгі орыс орфографиясын қазіргі заманғы орфографияға айналдыру бойынша жұмыс жүргізді. Кітап «Таза тарих» сериясы аясында жарық көрді.
AmalBooks баспасы шығарған «Как управлять казахами» кітабы «Меломан», KitapAl кітап дүкендерінде және Kaspi Дүкен, Flip.kz маркетплейстерде сатылымға шықты.