КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстан құру кезеңінде ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін қоғамдағы жағымсыз әдеттерден аулақ болуды ұсынды. Қоғамды жайлаған бес кеселмен, атап айтқанда, есірткі саудасы және нашақорлықпен, лудоманиямен, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен, буллинг және агрессиямен, вандализм, ысырапшылдықпен бүкіл ел болып күресуге, тосқауыл қоюға шақырды. Бұл ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы өте маңызды құрал» деп жас ұрпаққа тәрбие беру жұмысын күшейтуді, олардың бойына адами құндылықтар мен қасиеттерді сіңіруді тапсырды. «Ең бастысы, мейірімді және мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек» деді.
🔰Осы орайда, бүгін аудандық мәдениет үйінде «Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі - басты назарда!» тақырыбында ата-аналар форумы өтті.
🔰Форумға Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы, аудан прокурорының орынбасары Данияр Валиханұлы, аудандық полиция бөлімі, сондай-ақ ауыл әкімдері, ардагерлер кеңесінің төрағалары мен ардагер ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары және ата-аналар қатысты.
🔰Шарада жастардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандарды қоғамдық ортаға тарту мәселесі бойынша аудан прокурорының орынбасары Данияр Кемелхан сөз сөйледі. Мұнан соң Еліміздің айқын мақсаттарының бірі – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру туралы аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов егжей - тегжей баяндады. Сонымен қатар, бала мен ұстаздардың арасындағы байланыс, баламен жұмыс жасаудағы тәжірибе алмасудың маңыздылығы жайлы аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы Сахарап Қырғызбаев тұщымды ойын ортаға салды. Форумда қорытынды сөзді Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінің бастығының уақытша міндетін атқарушы Қуаныш Тастыбаев сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
🔰Форумға қатысушылар ұсыныс - пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат қоғамының, мемлекет дамуының негізгі алғышарты. Бүгінгі форум осындай бастаманың өзегі болып отыр.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
и ещё 3
 
 
 
 
 
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
13.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 195
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 209
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 196
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 376

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13270
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13249
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28363
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27049
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30544