Кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлген аймақ

Кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлген аймақ

Ұлытау облысында шағын және орта бизнесті дамыту – өңірдің экономикалық өсуінің басты әрі маңызды басымдығы. Бүгінде бұл секторда облыстың әрбір бесінші жұмыспен қамтылған тұрғыны еңбек етеді. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік негізгі капиталға салынған инвестициялардың жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Енді осы саладағы Ұлытау облысының негізгі көрсеткіштеріне тоқталайық.

2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 310 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 34 пайызға өскен. 2025 жылдың І тоқсаны бойынша тауар айналым 68 млрд теңгені құрады, ал нақты көлем индексі 105,2 пайызға жетті. Жалпы, қазіргі таңда кәсіпкерлік секторында жұмыспен қамтылғандар саны 31 мың адамды құрайды.

Ал, экономикалық белсенді халық арасында шағын және орта кәсіпкерлік жұмыспен қамтылғандар санының үлесі, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,6 пайызды құрады. 2025 жылдың І тоқсаны бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 18 мыңнан аса  бірлікті құрады, алайда 2024 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1% пайызға төмендеді.

Көрсеткіштің төмендеу себебі, жылдың басында Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан бос және істемей тұрған кәсіпкерлердің санын азайтуы болып табылады.

Ұлытау облысы бойынша жалпы өңірлік өнімде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 6,6% құрады. «Даму» қорының қолдауымен Астанада отандық өндірушілердің «Ұлттық өнім» көрмесі өтті. EXPO халықаралық көрме орталығында ұйымдастырылған шараға облысымыздан 8 отандық өндіруші қатысты. Барлық кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен өз кәсіптерін ашқан. Көрмеге тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, машина жасау, жабдық өндірісі, зергерлік бұйымдар және басқа да сан алуан өнімдер ұсынылды.

Мұндай іс-шаралар облысымыздың өнімдерін кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, «Ulytau onimi» экобрендін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, көрме аясында өткен «Халық таңдауы» байқауында Жезқазған қаласының «БЕК» жеке кәсіпкері қазы мен шұжық өнімдерімен үздік атанды.

Ұлттық өнім көрмесі – қазақстандық бизнестің бәсекеге төтеп бере алатынының дәлелі. Бұл алаң қазақстандық брендті халықаралық аренада насихаттап, ел кәсіпкерлерінің имиджін қалыптастырудағы маңызды роль атқарады.

Ш. БИЕКЕЕВА

17.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16511
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16363
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31537
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30157
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33749