GGG лақап атымен танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бұл сауалға нақты жауап берген жоқ. Дегенмен ол: «Жапондық боксшы Риота Муратамен кездесуден кейін Қазақстанға келіп, жаңа жылды отбасымен қарсы алуды ойластырып отырмын. Жапониялық былғары қолғап шеберімен өтетін жекпе-жек маңызды болғандықтан, басқа нәрселерді жоспарлауға уақытым жоқ. Кәсіпқой бокстағы мансабымды аяқтағаннан кейін немен айналысатынымды нақты айта алмаймын, себебі мен әлі кәсіпқой бокста өнер көрсетемін, сондықтан бұл сұраққа жауап беруге дайын емеспін. Бірақ бұл мен үшін жаңа бастама болары анық. Кейбіреулерлердің «40 жаста өмір енді ғана басталады» дегеніне құлақ асу керек сияқты. Сол себепті менде көп бітпеген шаруалар бар. Ең алдымен отбасыммен өмірден ләззат алу менің басымдылығым болмақ. Бір шаңырақтың отағасы болғандықтан, қарбалас күндерімнің көп болатыны түсінікті», – деп жауап бергендігін жария етті.