KazFelTec Астанадан зауыт салуы мүмкін

KazFelTec Астанадан зауыт салуы мүмкін

Ақтөбе қаласында KazFelTec атты қой жүнін өңдейтін кәсіпорынның жұмыс істеп жатқандығын естіген боларсыздар. Аталмыш кәсіпорын 2025 жылдың соңында Үкіметтің қолауымен өндіріске қосылаған еді. KazFelTec — Cormatex® Airlay итальяндық технологиясы бойынша табиғи қой жүнінен әртүрлі материалдар шығаратын еліміздегі бірден бір кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорында Cormatex компаниясының озық италиялық Cormatex Airlay технологиясы қолданылады. Авторы — Cormatex SRL компаниясының атқарушы директоры Лука Кверчи. Кәсіпорында жылына 3,6 мың тонна жүн өңделеді деп жоспарланған.

KazFelTec- те тазартылған жүн талшығы (иіру, тоқыма өнеркәсібі және композициялық материалдар үшін қолданылады), тоқыма емес материалдар (табиғи жүн мен екінші қайта өңделген талшықтардан (зығыр, тоқыма, шиналық корд) жасалған көпқабатты маталар),  оқшаулағыш панельдер (жылу және дыбыс оқшаулау қасиеттеріне ие, төмен эмиссия деңгейіндегі плиталар), сүзгілік және техникалық төсеніштер (желдету, ауа, су, май сүзу жүйелеріне арналған)  өндіріледі.

10 наурыз күні Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров KazFelTec компаниясының акционерлері Әсет Тілеуов және Лука Кверчимен кездесті. Онда қой жүнін өңдеу саласын онан ары дамыту, өндіріс орындарын кеңейту мәселелері сөз болды.

-«Ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамыту — аграрлық саясаттың басым бағыттарының бірі. Мұндай жобаларды жүзеге асыру отандық шикізатты тиімді пайдалануға және жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Бұл кездесуде кәсіорын иелері енді Астана қаласы аумағында екінші зауытты салуға ниетті екендіктерін жеткізді. Оның құны шамамен 10 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр екен. Кәсіпкерлердің жоспары бойынша ендііг жерде жүн көп жинаалтын өңірлерде жүн қабыладу, бастапқы қадамда сұрыптау, жуу орындары желісін құруды көздеп отырыпты. 

-«Бұл фермерлердің логистикалық шығындарын азайтып, жүннің сатып алу бағасын арттыруға мүмкіндік береді. Егер жүн алғашқы өңдеуден жергілікті жерде өтсе, біз оны жоғары бағамен қабылдай аламыз. Осылайша ауыл тұрғындары үшін қосымша табыс көзі пайда болып, шаруашылықтардың қой шаруашылығын дамытуға деген қызығушылығы артады», — деді Әсет Тілеуов.

Кездесу соңында Айдарбек Сейпілұлы министрлік өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

1980-1990 жылдары Қазақстанда қой саны шарықтау шегіне жетіп, ресми деректер бойынша 36-37 миллионнан астам басқа жеткен екен. Бұл көрсеткішке сонан бергі уақытта қайта жете алғанымыз жоқ. Соңғы санақтар бойынша елімізде 20 миллион басқа жуық қой бар екендігі айтылып жүр.

Бір деректерде елімізде жыл сайын мөлшермен 40 мың тоннадан астам қой жүні өндірілетіндігі айтылған еді. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 20% ғана екен. Өкінішке қарай осы байлықтың төрттен бір бөлігі ғана қайта өңделетін көрінеді. Оның ішінде көп сандысы жуылып, ширатылып, шүйкеленгеннен кейін Әзербайжан секілді елдедрдің кілем тоқу фабрикаларына экспортталады екен. Ал онан ары қарай тереңдей өңделген өнімдерді нарыққа шығару ісі мүлде кенжелеп қалғандығын айта кеткен жөн. Үкімет аладғы уақытта осы бостықтың орнын толтырады деп сенеміз.

Ерқазы Сейтқали

10.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24694
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24359
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41801
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37678
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42095