Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

Алматыда республикалық «Өнегелі келін» байқауы өтті

Келін – қазақ отбасындағы нағыз ұйытқы болатын жан. Сол себепті қазақ халқы ежелден келіннің тәрбиесіне, мінезіне, қайын жұртымен қарым-қатынасына аса қатты мән берген. Әрі «анасына қарап, қызын ал» деп, қыздың шыққан тегіне, отбасындағы тәрбиесіне де аса байыппен қараған. Қазақ тәрбиесіндегі маңызды отбасылық құндылықты сақтайтын қазақ келіндерінің тәрбиесін, ізгілікті жолын сақтай отырып,  болашақ ана, асыл жар, қазақ келіндерін ұлттық рухта тәрбиелеу, ана тілін, ұлттық мәдениетін құрметтеу, жас отау тәрбиесін ұғындыру, қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақы қалыптарды сақтап,  заман талабына сай жан-жақты дамыған тұлға етіп, болмысын қалыптастыру мақсатында Алматы қаласы Медеу ауданы «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының қолдауымен және салт-дәстүрді насихаттап жүрген қоғам белсендісі, «Бұрымды қыз», «Бесік жыры» жобаларының авторы Рабиға (Раиса) Қалдыбайқызы Үмбетбаеваның ұйымдастыруымен «Өнегелі келін» республикалық байқауы өтті. Осыған орай, қазақы тәрбиені бойына сіңірген, он шақты жылдық келіндік өмірдегі тәжірибесі бар, болашақ жас келіндерге айтары, үйретері бар қазақ келіндері бар білгенімен бөлісіп, аталмыш байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен Нүрия Саназарова (Ақтау қаласы), Фариза Тулеева (Ақтөбе қаласы),  Перизат Бакирова (Қызылорда облысы), Аяужан Сәдуақасова (Алматы облысы), Анар Ахметова (Қарағанды қаласы), Рауан Қалманова (Қызылорда облысы), Қымбат Сламбай (Алматы облысы), Алтынай Ходжаева (Алматы облысы) сынды келіндер қатысты. 

Сайысқа «Анаға құрмет» музейінің директоры, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Аршагүл Тойбаева, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф-жазушы Болат Бопайұлы, дін және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, Құран кәрімді қазақшалаған аудармашы Халифа Алтайдың келіні Дэриға Алтай, Қазақстан психоаналитикалық және Ұлттық медициналық ассоциацияларының мүшесі, білім беру саласының үздігі Салима Сатылғанқызы секілді танымал тұлғалар әділқазылық етті. Байқау барысында қатысушылар әр өңірдің өзіне тән салт-дәстүрі мен сәлем салу, орамал тарту үрдістерін көрсетті. Олар төрт кезең бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады. Қатысушылар байқаудың бірінші кезеңінде өздерін қысқаша бейнеролик арқылы таныстырды. Екінші кезеңде ұяшық таңдап, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға, отбасылық өмірден алынған логикалық сұрақтарға жауап берді. Байқаудың үшінші кезеңінде келіндер өз өнерлерін ортаға салып, ән айту, би билеу, домбыра тарту, ақындық секілді қырларынан танылды. Соңғы кезең бойынша қазақтың ұлттық тағамдарын пісіріп, аспаздық өнерлерін паш етті. Қатысушылар қазақ келініне тән түрлі номинацияларда топ жарып, заттай бағалы сыйлық иегерлері атанды. 

PS: Бүгінгі қоғамда келіннің рөлін, мәртебесін көтеретін керемет бастама жалғасын таба берсе екен дейміз. Жалпы осындай қазақтың салт-дәстүрлерін паш етіп, насихаттайтын байқауларды өткізуге билік тарапынан аялы қамқорлық қажет. Мәселен, осы байқауды өзі қаржы тауып, шырылдап жүріп өткізген Рабиға (Раиса) Қалдыбайқызының ұлтына деген, оның салт-дәстүріне деген жанашырлығына тәнті болдық. Редакция ұжымы атынан Рабиғаға алғыс айтамыз!

 

Рауан МУТАИР
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9386
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613