Кентаулықтар бір тонна бауырсақ таратты

Кентаулықтар бір тонна бауырсақ таратты

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жиналған қауым бас қаламызда Түркістан облысының өнерпаздарының дайындаған мәдени бағдарламасын тамашалады. Бағдарламаның беташары этноауылдағы Тайқазанға салтанатты су құю рәсімінен бастау алды. Одан кейін қала тұрғындары мен қонақтарына, туристерге өңіріміздің мәдени-туристік әлеуеті таныстырылды. 

«Шаңырақ» этно шатырында өткен «Дала сазы» концертінде Түркістан облысының «Саялы Сарыағаш» фольклорлық ансамблі мен «Арша» тобы өнер көрсетіп, кештің көркін аша түсті. Жиынның ең қызықты сәті ақындар айтысы болды. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған аламанға Түркістан облысының дүлдүлдері қатысып, Ақмола мен Ұлытау облыстарының ақындарымен бірге көпшілікке қазақ айтыс өнерін паш етті. Облыс құрамасын «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков баптап келді. Жас ақындар Нұрмахан Жақыпбек пен Нұрдәулет Өмірбеков осы сайыста өңіріміздің абыройын қорғап, мерейімізді асқақтатты.  

«Түркістаным – Тұраным» гала-концертінде «TANBA» мен «TURAN boys» тобы, «ARTist» және «Фараб» би ансамблі, белгілі дәстүрлі әншілері Оразәлі Жаңабаев, Мағжан Әлтенбаев, Руслан Ахинбеков, Тұрар Әлменов, «Сарын» тобы, Дінмұхаммед пен Дана, Айзада Асылхан, «Саялы Сарыағаш» фольклорлық ансамблі және «Арша» тобы өз өнерлерімен жиналған жұртты тәнті етті. 

Киіз үйдің алдында Отырар халық театры ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтайтын «Беташар» көрінісінен бөлек, көпшілікке дәстүрлі және халық әндерін ұсынды. Ал, «Арша» тобы дәстүрлі әндерді тамылжыта орындады. «Саялы Сарыағаш» фольклорлық ансамблінің өнерпаздары да көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. 

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі тіккен 12 қанатты киіз үйде 375 дана этнографиялық құнды жәдігер қойылды. Олардың қатарында Кенесары ханның қылышы, киіз үйдің жиһаздары, әшекей бұйымдар, қару-жарақтар, кесе қаптар секілді құнды жәдігерлер болды. Ұлттық құндылықтарымызбен танысқан шетелдік қонақтар еліміздің тарихына қызығушылық танытты. 

Қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған көрме де қала тұрғындары мен қонақтарының, туристердің ерекше назарын аударды. Өңірімізден барған 15 шебердің қолынан шыққан бұйымдарға сұраныс жоғары болды. 

– Мен Түркістан қаласынан келдім. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жұмыс істеймін. Сонымен қатар, сәндік қолданбалы бұйымдарды тігумен айналысамын. Астанаға өзімнің қолымнан шыққан дүниелерімді алып келдім. Әр ұлттың өзіне тән мәдениеті, салт-дәстүрі болады. Шетелдіктер біздің ұмыт болып бара жатқан сырмақ тігу өнерімізге ерекше қызығушылық танытты. Өзіммен бірге алып келген бірқатар бұйымдарымды саттым. Сырмақ тігуден шеберлік сағаттарын өткіздім.

Мұндай іс-шаралар қолөнершілерге шабыт сыйлап, оларды қанаттандыра түседі деп ойлаймын, – дейді түркістандық қолөнер шебері Мереке Айдарша.  

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Шетелдің өнімін пайдаланбай, өзіміздікін өндірейік
Әділжан АШИМОВ, Алматы облысы Ұйғыр ауданының кәсіпкері - 18.09.2024 115
Шамның  жарығы  түбіне  түспейді
Молдаш Әбілхасен, Гүлнар МҰСАБЕКОВА, Жетісу облысы Панфилов ауданы Керімағаш ауылының кәсіпкерлері - 18.09.2024 165
Ауыл – мемлекетіміздің тірегі
Таутабек РЫСБЕКОВ, Қостанай облысы Арқалық қаласы - 18.09.2024 109
Тарихы терең құмыралар
Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ - 18.09.2024 98
Президент Жолдауы:  Басты құндылық – әділетті қоғам құру
Жанболат САМАШЕВ, Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - 18.09.2024 100
«АУЫЛ АМАНАТЫ» –  ӘР АУЛАНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБА
Құсайын САРСЕМБАЙ, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы - 18.09.2024 73

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4786
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6803
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5197
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6398