"Кілт төсеніш астында, сейф шкафта дегенмен бірдей": Полиция қазақстандықтардан сапарға кететіні туралы таныстарына айтпауды сұрады

"Кілт төсеніш астында, сейф шкафта дегенмен бірдей": Полиция қазақстандықтардан сапарға кететіні туралы таныстарына айтпауды сұрады

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл ақпаратты қылмыскерлер кері мақсатта пайдаланады.

"Қылмыскерлер әлеуметтік желілерді үнемі бақылауда ұстайды. Олар әлеуметтік желілерді жақсы түсінеді, кімнің парақшасын бақылау керегін де біледі. Мысалы, БАҚ өкілі немесе қоғам қайраткері: “Біз 10 күнге Таиландқа демалысқа кетеміз", деп жазса, бұл іс жүзінде қылмыскерге үйде ешкім жоқ, кілт төсеніш астында, сейф шкафта деп айтқанмен бірдей. Біз үнемі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек", – деді Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ пәтер кілтін көршілерге қалдыру жақсы идея емес екенін мәлімдеді. 

"Гүлдеріңізді суарып, үй жануарларын тамақтандыру үшін өз үйіңіздің кілтін көршілеріңізге ешбір жағдайда қалдырмаңыз. Үнемі қырағы болыңыз! Егер пәтеріңіз төменгі қабатта болса, терезелерді тормен жабдықтау керек. Әсіресе дабыл жүйесі бар пәтерді жалға алуға тырысу керек. Алдын алу шаралары өз мүлкіңізді қорғауға көмектеседі. Әлеуметтік желілерді ешқашан хабарландыру тақтасы ретінде пайдаланбаңыз", – деді ол. 

Ресми өкілдің айтуынша, 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында қалада 65 қылмыс тіркелген. Оның басым бөлігі мүліктік және тұрмыстық сипатта болған.

“Оның ішінде 42 қылмыс "ізін суытпай" ашылды. Сондай-ақ мереке күндерінде 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Жалпы Алматыда жаңа жылдық мерекелер тыныш өтті. Қалада мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 3 мыңнан астам полиция қызметкері жұмыс істеді. Қызметтер мен бөлімшелердің жеке құрамы күшейтілген кезекшілік режиміне ауыстырылды”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин Людмила Сеңгірбаева есімді әйелді өз әмиянын ұрлады деп айыптағаны туралы жазған едік. 

 

Stan.kz
06.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1274
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1645
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1651
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1644
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1654
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1433

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12503
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11409
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14646
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13596
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18614