Кітапхананың 50-жылдығына орай «Жамбыл кітапханасы: Жарты ғасыр жас ұрпақпен бірге» атты мерекелік іс-шара

Кітапхананың 50-жылдығына орай «Жамбыл кітапханасы: Жарты ғасыр жас ұрпақпен бірге» атты мерекелік іс-шара

2026 жылдың 26 ақпанында Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Жамбыл кітапханасы: Жарты ғасыр жас ұрпақпен бірге» атты мерейтойлық салтанатты жиын өтеді. Шара кітапхананың 50 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына және мекемеге Жамбыл есімінің берілуіне 30 жыл толуына арналған.

Аталған шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, белгілі қаламгерлер, қоғам қайраткерлері, кітапхана ісінің ардагерлері, жас мамандар мен оқырмандар қатысады.

Іс-шара аясында ақынның шығармашылығына және кітапхана тарихына арналған кітаптар, ғылыми еңбектер, естеліктер мен басылымдар ұсынылатын бірегей кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Кітапханада басталған жыр» атты ақындар айтысы ұсынылып, кітапхана оқырмандары мен дәстүрлі әншілердің орындауында әндер шырқалады.

 

 

Өтетін орны мен уақыты:

Алматы қ., Назарбаев даңғылы, 43

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жетекшісі

26 ақпан 2026 жыл, сағат 11:00

Қосымша ақпарат:

Алматы Кітапханаларының баспасөз қызметінің жетекшісі – Ақбота Әбдіғаппарова

Байланыс телефоны: +7 708 870 9905

Электронды пошта: info@almatylibrary.kz

25.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23599
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23256
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39785
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36741
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40904