КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ЖҮРУДЕ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ЖҮРУДЕ
Түркістан облысында көктемгі су тасқынына жыл сайын ерекше дайындық жүргізіледі. Әсіресе су қоймаларының еріген суды қабылдай алуы аса маңызды. Бүгін осы және өзге де дайындық жұмыстары облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Жиында өңір басшысы жауаптыларға маңызды мәселерге бей-жай қарамауды тапсырды.
– Жауапты басқармалар, аудан, қала әкімдері Төтенше жағдай департаментімен бірлесіп, қауіпсіздік шараларын үнемі пысықтап отырсын. Өзен-көлдер мен су нысандарының жай-күйі тұрақты бақылауға алынуы тиіс. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау – басты міндет. Су тасқынына қарсы жоспардағы іс-шаралар толық орындалуы тиіс, – деді облыс әкімі.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Асқар Төлешевтің айтуынша, 2023-2024 жылдардағы су тасқынына қарсы әзірленген инженерлік жоспардағы 24 іс-шараның бүгінге 15-і толығымен аяқталған. Қазіргі таңда, 2024-2025 жылдардағы су тасқынына қарсы инженерлік жоспар әзірленуде. Оған аудан, қала әкімдіктері тарапынан да ұсыныс енгізілуі керек. Сонымен қатар қаңтар айындағы жағдай бойынша өткен айда таудағы жиналған қар қорының көлемі нормадан төмен екендігін жеткізді. «Қазгидрометтің» РМК-ның ақпан айына жасалған болжамында облыстың барлық аймағында түсетін жауын-шашын көлемі нормадан жоғары болатындығы көрсетілген.
Бүгінде департамент мамандары өзендер мен су қоймаларға күнделікті мониторинг жүргізуде. Облыста 42 су қойма бар. Олардың толуы 40-45 пайызды құрайды. Ал «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде тасқын суды қабылдауға шамамен 2,8 млрд. текше метр көлемінде бос қоры бар. Жағдай тұрақты әрі қауіпсіз.
Облыс аумағында 149 өзен, 31 су қойма, 2 табиғи көл, барлығы 182 су нысаны бар. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде 34190 тұрғын үй орналасқан. Қазіргі таңда алаңдаушылық тудырып отырған үйлерді төтенше жағдайлар департаменті және аудан әкімдіктері қатаң бақылауда ұстауы қажет. Лай көшкініне қарсы дайындықт та бақылауға алынуы тиіс.
Айта кетейік, республика аумағында Төтенше жағдайлар министрінің бекітуімен 20 ақпан мен 20 қараша аралығы «Су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы» болып бекітілген. Осыған байланысты Түркістан облысында да қала, аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып су тасқынының алдын алу шаралары жанданбақ.
Жиында Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы басшысы Санжар Бүрлібаев көктемгі су тасқынына дайындық іс-шаралары туралы баяндама жасады. Басқарма басшысының айтуынша, 2023-2024 жылғы күз-көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайдың алдын алу және тасқын суды апатсыз өткізу жоспары аясында да бірқатар жұмыс атқарылды. Басқарма тарапынан жүргізілген тексеру нәтижесінде кейбір аудандарда арық-атыздар мен каналдар тазартылмаған. Төлеби ауданында сел болу қауіпі бар аймақтарда кэмпингтер мен тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілгені анықталды. Осындай жағдайлар Қазығұрт пен Түлкібас аудандарында болуы мүмкін деген басқарма басшысы жол талғамайтын, сазда жүре алатын техниканың жетіспейтінін атап өтті.
Жыл сайын облыс аумағында «Көктем» республикалық командалық оқу-жаттығуы өткізіліп, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының дайындығы пысықталады. 8-9 ақпан күндері «Көктем-2024» оқу жаттығуы Бәйдібек ауданында практикалық тұрғыда өткізілді. Оқу-жаттығуға барлық азаматтық қорғау қызметтері жұмылдырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
12.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 81
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 77
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 83
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 57
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 30

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1306
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7350
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11215
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7404
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7557