Көмір бағасы неге қымбат?

Көмір бағасы неге қымбат?

 Пандемиядан кейін елде әлеуметтік-экономикалық жағдай күрделеніп, қымбатшылық еселеп артып келеді. Бағаны бақылауда ұстап, елдегі жағдайды реттеп отыруға тиіс шенеуніктер де есебінен жаңылып, аңдамай сөйлеп, байқамай сынға ілігіп қалып жатады. Жақында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев елімізде жалақының өсуі инфляцияның жоғарылауына әсер етеді десе, оған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлерде көмірдің тоннасы 5200-5700 теңгеден сатылады деп «айды аспанға шығарған» еді. 18 қарашада өткен Сенат отырысында депутат Ләззат Рысбекова: – Жанар-жағармай бағасының өскені байқалды, дизельдік отын бағасының күрт өсуі қоғамдық көліктерге, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне және автокөлік тасымалына әсер етті. Дәл осындай жағдай көмір нарығында да қалыптасты. Тұрмыстық көмірдің бағасы 2007 жылдан 2014 жылға дейін өсті. Тасымалдау және электр энергиясы тарифтерінің көтерілуіне байланысты 9 пайызға көтерілді. Жанар-жағармай және көмір бағасының өсуі барлық тауар бағасының өсуіне әкеп соғады, – деді. Осыған орай министр Атамқұлов көмір бағасының өсуін тежеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. – Ірі көмір өндірушілер сатушылармен меморандум жасады. Біз Қаражыра, Богатырь, Шұбаркөл кен орындарымен нақты бағаны келістік. Бағасы 5200 теңгеден бастап, ең қымбаты – тоннасына 5700 теңге болады, – деп министр. Б. Атамқұлов көмірдің нарықтағы бағасынан 4-5 есеге арзан бағаны қайдан алғаны қайдам, елордада бір тонна көмірдің бағасы 20-25 мың теңгеден сатылуда. Дегенмен халық өзімізде өндірілсе де қымбат бағада сатылатын көмірдің өзі жетпей жатқанын айтып, шулап жүр. Халыққа көмір негізінен оны кен орнынан алып, тасымалдаушы делдал арқылы сатылады. 24 қарашада Мәжілістің жалпы отырысында депурат Ерлан Саиров еліміздің бірқатар өңірлерінде тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігінен шиеленісті жағдай қалыптасқанын айтты. – «Біздің депутаттық сауалымыз елімізде көмірдің жүйелі жетіспеушілігі үшін объективті алғышарттар болмаса да, ел азаматтарының моральдық-психологиялық жағдайына теріс әсер ететін дүрлікпе жүріп жатыр. Осындай жағдай көмір өндіру бойынша әлемнің 10-елінің қатарына енетін мемлекетте болып отыр», – деді Е.Саиров Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында. Оның айтуныша, бүгінгі күні халыққа көмір сату тізбегінде шамамен 10-ға тарта буын қалыптасқан. Соның негізгілері: бұл көмір өндіру разрезі, темір жолмен жөнелтуге арналған тиеу пункттері, темір жол арқылы тасымалдау, теміржол тұйықтарында қабылдау терминалдары, көмірді тұтынушыларға жеткізетін тарату пункттері. – «Осы кезеңдердің барлығында әркім өз пайдасын қымқыруға тырысады, осыған байланысты баға қымбаттай береді. Яғни, көмір бағасын делдалдық құрылымдар нұсқап отыр. Көмірді биржалық саудалаудың ережелері делдал-кәсіпорындарға көмірді үлкен көлемде сатып алуға және оны бірден разрезден екі-үш есе қымбат бағамен сатуға мүмкіндік береді деп айтуға негіз бар. Сату нүктелеріндегі көмірдің жетіспеушілігі көмірді жеткізетін вагондардың тапшылығына байланысты. Сондықтан, көмір разрезден сату нүктесіне 6 күнде емес, 16 күнде жеткізіледі», – деді депутат. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде разрезден тоннасы шамамен 7800 теңгеден сатылып жатқан көмір Алматы, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы сауда нүктелерінде тоннасы 25-30 мың теңгеден сатылуда. Осылайша, түпкі тұтынушы үшін баға бастапқыдан үш-төрт есе өседі. «Бұл – ауылдағы ағайынның қалтасы мүлдем көтермейтін баға. Осы қып-қызыл бағаға көмірдің өзі тапшы. Қақаған қыста азаматтар ақшасын төлеп қойып, көмірді тосуға мәжбүр. «Nur Otan» партиясы Фракция мүшелері азаматтар үшін тұрмыстық көмір қолжетімді және әділ бағамен сатылуы тиіс деп санаймыз», – деді Е. Саиров. Депутаттың айтуынша, көмір әділ бағамен сатылу үшін халыққа тұрмыстық көмір жеткізудің өткір әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, келесі қадамдар қажет: 1. Ауылдық елді мекендердің тұрғындарының тұрмыстық тұтынуы үшін көмірдің нормативтік қорын қалыптастыруды жедел қамтамасыз ету. 2. Көмірді сату орындарына тасымалдау үшін қажетті вагон санын бөлуге басымдық беру. 3. Көмір бағасын қалыптастырудың ашықтығын және көмірді көтерме сатып алушылар арасындағы барынша бәсекелестікті қамтамасыз ету. 4. Нарық субъектілерінің арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдерді болдырмау, тұрмыстық көмір тұтынушыларының түпкілікті бағасын қалыптастыруға делдалдық байланыстардың әсерін болдырмау бойынша жұмыстарды жүргізу.

PS: «Қыстың қамын жаз ойла», «Жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды майла» деп өсиет еткен халықтың баласы болсақ та ХХІ ғасыр қазағы тіршілік қамын қалтаға ғана шақтап, күн көруге үйренген. Өзімізде өндірілсе де қымбатқа бағаланған көмірді қалтаға қарап, қыс бойы аз-аздан сатып алуға көндіккендер бар. Бірақ дер кезінде сатып ала салуға да көмірдің болмай қалатынын ескеріп жатпайды. Суық екі өкпеден қысып, қалтырағанда, сары ауыз балапандай Үкіметке қарап «аузын» ашады. Ал халық қамын қамдауға тиіс шенеуніктер өз саласындағы жағдайды алдын ала реттеудің орнына, жағдайдан бейхабар, бейқам... Жоғарыдағылар осылай ойына келгенді айтып, қарап отыра бере ме?

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660