Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

Енді жылжымайтын мүлік иелеріне коммуналдық қызметтерді алу мақсатында шарт жасау үшін коммуналдық мекемелерге барудың қажеті жоқ. Оларға жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде шартты автоматты түрде жасау туралы SMS-хабарлама келетін болады.

 Пилоттық жоба Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында іске асырылды. Айта кетейік, бұған дейін бұл қызмет Астана мен Алматыда жүзеге асырылған болатын. Бұл қалаларда сервис енгізілгеннен күннен бастап жүз мыңнан астам онлайн шарттар жасалды.

«Мемлекеттік корпорация өзгерістер драйвері ретінде Invisible Government жолында технологиялық және клиентке бағдарланған сервистерді қалыптастыруда. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінің әкімдіктің жүйелерімен интеграциялануының арқасында мүліктің жаңа иелеріне коммуналдық қызметтерді ұсынушылармен автоматты түрде шарт жасау мүмкіндігі пайда болды», - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, жылжымайтын мүлікті сатып алған сәтте қазақстандықтарға шарт жасасу туралы ұсыныс келіп түседі. Меншік иесі келіскен жағдайда деректер коммуналдық қызметтерге жіберіледі және тұрғын үй иесінің қатысуынсыз автоматты түрде шарт жасалады. Өтінім қаралғаннан кейін мүлік иесіне SMS-хабарлама келіп түсіп, дайын құжатқа сілтеме беріледі.  

Жақын арада Мемлекеттік корпорация жоба ауқымын кеңейтуді және оны бүкіл республика бойынша іске асыруды жоспарлап отырғанын айта кеткіміз келеді.

 

 

 

 

24.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

МҰХАММЕДСАБЫР ЖОЛДАМАҒА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.06.2024 1578
 САУРАНДА 39 ИНВЕСТ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, 700-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.06.2024 42
Кешенді жоспар бекітілді
ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ - 27.06.2024 41
АҚШ-пeн алыс-берісіміз арта түспек
ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ - 27.06.2024 44

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 977
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 540
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 1852
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 1482
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 2614