Көрнекті ғалым-ұстаздың өмір жолы – бүгінгі ұрпаққа айнымас тағылым

Көрнекті ғалым-ұстаздың өмір жолы –  бүгінгі ұрпаққа айнымас тағылым

Бүгінде еліміздің аграрлық білімі мен ғылымы саласында ерекше еңбегі сіңген көрнекті ғалым-ұстаз Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің  профессоры Нұртаев Шаншар Нұртайұлы 80 жасқа толып отыр.

Профессор Шаншар Нұртайұлы 1942 жылы 22 тамыз айында сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Ақтөбе колхозында қатардағы шопанның жанұясында дүниеге келген. Туған ағасы Шадманмен дүниеге келгеніне небәрі 3 ай болғанда болашақ ғалым-ұстаз қойшы таяғын ұстап қалған анасы Тоты мен сол кезде үлкен жасқа келген әжесі Үкілайдың тәрбиесінде қалады.  Соғыс жылдарының бар ауыртпашылығын бастан өткізеді.

Ауыл мектебін күміс медальмен бітірген соң, Шаншар Нұртайұлы 1960-1966 жылдары Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының Ауылшаруашылығы өндірісін механикаландыру факультетінде білім алып, үздік бітіреді. Институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен «Мал фермаларын механикаландыру» кафедрасына ұстаздық-ғалымдық қызметке қалдырылды. Аға өміріндегі айшықты кезең – 1968-1971 жылдары Ленинград ауылшаруашылық институтында мақсатты аспирантурада оқыды. Аспирантурада оқып жүріп, техника ғылымдарының докторы, дүниежүзіне белгілі  ресейлік академик С.В. Мельниковтің жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын жемісті қорғап, 1972 жылы ғылым кандидаты атағын иеленді. 

Профессор Шаншар Нұртайұлы 1966 жылдан бастап, оқытушылық-ғалымдық, оқу ісін ұйымдастыру қызметтерінде отандық ғылым мен білімді дамытуға аянбай үлес қосып келеді. Осы еңбек жолында ассистент, аға оқытушы, доцент,  профессорлық деңгейлерді меңгерген.

Оның жоғары ұйымдастырушылық қабілетін ескере отырып, факультет деканы, кафедра меңгерушісі болып жемісті қызмет атқара білді. 

Профессор Шаншар Нұртайұлы малшаруашылығы саласында инновациялық технологиялар мен техникалық құралдарды жобалау, олардың нәтижелерін өндіріске енгізу бойынша нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыруда. Оның басшылығымен және тікелей орындаушылығымен оннан аса ғылыми жобалар орындалды. Профессор Шаншар Нұртайұлының жетекшілігімен  20-дан астам ғылым кандидаттары, 30-дан аса магистранттар диссертацияларын қорғады, оның төртеуі ғылым докторы дәрежесіне дейін жетті. Көрнекті ғалым университеттің оқу-тәжірибе шаруашылығында ірі қара малға, сауын сиырларына арналған жем-шөп мал азығын даярлайтын арнайы цехты жобалап, өндіріске енгізді. Сондай-ақ, Алматы облысындағы «Жаңалық» қой бордақылау шаруашылығында Ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты ғалымдарымен бірлесіп жобаланған,  озат технологияға негізделген жабдықтар жиынтығы өндіріске енгізілген. Жоба нәтижесімен таныса келе  Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы  Д.А.Қонаев жалпы шаруашылық жұмысына, еңбеккерлердің еңбегіне жоғары баға берген еді. Профессор Шаншар Нұртайұлының оқытушылық шеберлігінің бір сыры  студенттерге теориялық біліммен қатар озат шаруашылықтардың іс-тәжірибесін ұштастыра жеткізе білуі, оны жас оқытушылар тәлімгерлік қағида ретінде қабылдауда.

Ол 500-ден аса еңбектердің, оның ішінде 20-дан аса оқулық, 30-дан аса оқу құралы, 37 өнертапқыштық авторлық куәліктер мен патенттердің авторы. 

Сондай-ақ, ол өзінің туған өлкесі – Шардара өңірімен үзбей байланыста. Туған елден жыл сайын ондаған талапкерлерді университетке білімге тартты, білікті маман-ғалым  ретінде мал, егін және балық шаруашылықтарын дамытуда жаңа технологиялар мен техникаларды өңір шаруашылықтарына  енгізуде зор еңбек сіңіре білді.

Профессор Шаншар Нұртайұлының ел алдындағы еңбегі ескеріліп, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Халықаралық Педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, 2010 жылдың Үздік оқытушысы, АШМ Құрметті ардагері, ҚазҰАУ Құрметті ардагері құрметті атақтарын иеленген, министрліктер мен университеттің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 

Еліміздің жоғары білімі мен ғылымы саласында сіңірген көпжылдық нәтижелі еңбектерін ескере отырып, ғалым ағамызға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен  Шардара ауданының Құрметті азаматы атағын беруге кандидатурасы ұсынылды. Бүгінгі таңда көрнекті ғалым-ұстаз Шаншар ағаның бастауымен алда атқарылатын істер айқын, олардың орындалатынына кәміл сенеміз.                                                        

 

Н. АБДИЛЬДИН, ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультетінің деканы, профессор
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан республикалық акциясы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 14
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 28.04.2024 17
Бірлік жарысы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 13
Тараз таза қала
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 13

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1091
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7138
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10988
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7201
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7346