КОРОНАВИРУС ӘЛІ ДЕ ҚАТЕРЛІ

КОРОНАВИРУС ӘЛІ ДЕ ҚАТЕРЛІ

Коронавирус, карантин сөздері құлаққа түрпідей тиеді. Алайда вирустың беті қайтты десе де, ел арасында күні бүгінге дейін таралып жатыр. Соңғы тәулікте 22 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 1,5 мыңнан аса науқас үйінде емделуде. Оның ішінде 111 пациент стационарда, 1 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирусқа шалдыққандар арасында: 6 адамның жағдайы ауыр, бір пациенттің жағдайы өте ауыр, ал бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Ал көршілес Қытай Халық Республикасында жағдай мүшкіл. Қазіргі коронавирустың омикрондық нұсқасы аталмыш мемлекетте өршіп тұр. Осыған қарамастан, ҚХР үкіметі ковидке нөлдік төзімділік саясатынан бас тартып, халықты тестілеудің қатаң ережелері мен саяхатқа шектеулерді алып тастады. Сонымен қатар, олар COVID-19 індеті туралы күнделікті ақпаратты жариялауды тоқтатып, комиссия мұндай ақпараттың қаншалықты жиі шығарылатынын нақтыламады. Бұл қадамның себептері де айтылмады. Бейресми ішкі есептеріне сәйкес, желтоқсанның алғашқы үш аптасында 248 миллион адам немесе ел халқының 18%-ы ауру жұқтырған. 

ВОЗ: Смертность от коронавируса в мире выросла на 65% за месяц — EADaily —  Коронавирус. Коронавирус новости. Новости коронавирус. Статистика  коронавируса. Коронавирус статистика. Коронавирус в мире. Когда закончится  коронавирус?

Балжан АЛЖАНОВА
02.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 859
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6928
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10766
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7000
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7140