«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында қаралатын мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында адам өміріне қауіп тудыратын ашық жатқан құдықтар, жекеменшіктегі тозығы жеткен ғимараттарды көрдік.
Және былтыр ғана ашылған денсаулық сақтау басқармасының аллеясында тұрғындардың айтқаны былтыр орнатылған төрт әткеншектің біреуі ғана қалыпты. Тұрғындардың салғырттығынан әткеншектер құлап, сынған. Жауапкершілікпен қарамаған.
Бүгінгі күнде тұрғын үй балансына өтпегендіктен бұл жерді «Жасыл ел» мен «Жасыл Тараздықтар» қарап жүр екен.
Халықтың игілігі үшін ашылған аллеядағы спорттық алаңшаның жасанды жамылғысы дұрыс қарамаған нәтижесінде тозығы уақытынан бұрын тозығы жетіп жыртылған.
Ал, баскетболдың доп салатын торынан бастап, баскетболға арналған жердің түгі жоқ. Сындырып, жыртып құртылған.
Яғни «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясының қорытындысы және балалар үшін жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы (люктерді жабу, аулаларды жарықтандыру, аулалардағы электр щиттерін және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша зерделеу).
Жалпы қала аумағында абаттандыруды көрмеген ойын алаңдары жеткілікті.
Олардың ортасында көптеген жылдар бойы қисық және тот басқан сырғанақ және темір әткеншектер тұр. Сынған әткеншектер мен ортасы опырылып жатқан сырғанақтар балалар өміріне қауіпті екені белгілі.
Келеңсіз жәйттер орын алып жатса да септиктерді жабуға арналған люктердің мәселесі әлі тоқтаған жоқ. Бұл тек басшылықтың ғана емес тұрғындардың да жауапкершілігінде болуы қажет екендігін зерделеу кезінде кездескен тұрғындарға түсіндірдік.
Сондай-ақ, балаларға қауіп тудыратын жәйттердің бірі жоғарыда атап өткенімдей ескі және қирап тұрған бос ғимараттар.
Бұл тек құлау ғана емес қоқысқа толып, денсаулыққа да кері әсерін тигізсе, кешқұрым жат әрекеттерге, ішімдік тб әуес жандар жиналып, ата-аналарды алаңдатып отырғаны ақиқат.
Бүгінде қоғамда орын алып жатқан әртүрлі келеңсіз жәйттердің алдын алу біздің міндетіміз. Қашанда болашақ ұрпақ ертеңі үшін алаңдау ата анамен қатар атқамінер азаматтардың да әркез есінде.
Сонымен қатар бұл және өзге де өзекті мәселелер «AMANAT» партиясының күн тәртібінен бір сәтте түскен емес.
Оқушылар мен жүргіншілер қауіпсіздігі үшін арналған жаяу жүргіншілер жолақтары, жарық мәселесі де осы зерделеу барысында біздің назарымыздан тысқары қалмады.
Бүгінгі анықталған мәселелерді шешу мақсатында алдағы уақытта партия тарапынан жіті қадағалауды болып, қоғамдық кеңесте қаралатын болады.