КУБИК РУБИК ЖИНАЙТЫН РОБОТ ОЙЛАП ТАПҚАН ОҚУШЫ

КУБИК РУБИК ЖИНАЙТЫН   РОБОТ ОЙЛАП ТАПҚАН ОҚУШЫ

Астаналық оқушы 1 минутта кубик Рубик жинайтын робот жасап шығарды. Бұл – үлкен жаңалық. Арнайы сенсорлар арқылы кубиктің қырларын сканерлеп, түстерін анықтайтын робот алынған деректерді талдап, ең тиімді алгоритмді таңдап, кубик Рубикті жылдам әрі дәл жинайды екен. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Дәлірек айтсақ, Астана қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы № 38 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Шахназар Камалов бір минут ішінде кубик Рубикті толықтай автоматты түрде жинай алатын ақылды робот жобасын көпшілікке таныстырды.

Жоба LEGO Mindstorms EV3 конструкторы негізінде құрастырылған. Роботтың басты міндеті – күрделі логикалық тапсырма ретінде танылған кубик Рубикті жылдам әрі дәл жинау. Арнайы сенсорлар кубиктің әр қырын сканерлеп, түстерді анықтайды. Алынған ақпаратты талдау нәтижесінде робот ең тиімді алгоритмді таңдап, жинау процесін орындап шығады. Бағдарламалау EV3 Classroom платформасында Python тілінде жүзеге асырылған. Бұл оқушыға алгоритмдік ойлау дағдыларын дамытуға, инженерлік есептерді шешуге, сондай-ақ робот қозғалысының әр бұрышы мен айналуын дәлдікпен басқаруға мүмкіндік беретін көрінеді.

Қазір робототехника – жасанды интеллект пен инженерия тоғысқан, қарқынды дамып келе жатқан маңызды бағыттардың бірі. Осындай жобалар оқушылардың техникалық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ғылым мен технологияға деген қызығушылығын күшейтеді.

Мектеп оқушысы Шахназардың жұмысы – жас талаптың табандылығы мен ізденісінің айқын көрінісі. Жоба оның бағдарламалау мен техникалық модельдеуге деген қызығушылығын арттырып, логикалық әрі аналитикалық ойлауын дамытуға үлкен үлес қосты. Болашақта бұл роботты әрі қарай жетілдіру арқылы оқушының жаңа, одан да күрделі механизмдер жасауға мүмкіндігі зор.

Нағашыбай Қабылбек

20.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20237
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20068
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35189
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33756
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37600