Күй – қоңырау

Күй – қоңырау

Тараз қаласының «Арай-2» алқабында тұратын болғандықтан, Назарбаев зияткерлік мектебінің жанынан күнде өтемін. Сабақ біткен сәтке сәйкес келіп қалады ма, қазақтың күйі күмбірлеп қоя береді. Құрманғазының «Сарыарқасы», Динаның күйлері көңіл тербейді. Ойланып бара жатамын. Қазақы ауылда білім алсақ та, сабақ біткенде күйдің үнін емес, сыңғырлаған қоңырау даусын он жыл бойы естідік. Ол кезде заман басқа. Қазір де «Балам орыс мектебінде оқысын, ағылшыны алда жүрсін» дейтін ата-аналар аз емес. Жарайды, қалаған мектебіне барсын. Қалалы жердің баласы онсыз да ресми тілден алшақ емес. Қоғамдық орындарда түрі нағыз қазақ, бірақ тілі орысша шүлдірлеген балаларды жиі көріп жүрміз. Егер күй – қоңырау барлық мектепте орнап, үзіліс сайын тартылып тұрса, орыс тілге бейім қазақ баласының да санасына сәуле құйылар. Қаны – қазақ, жаны – қазақ емес пе? Екі қызым домбыра үйірмесіне барады. Қазақтың қасиетті аспабынан, әні мен күйінен алшақ жүрмесін дедім. Бірер жыл бұрын білікті ұстаз, ғалым Алмасбек Белботаев ағайға осы қуанышымды айтқан едім. Сонда ұстаз: «Қыздарыңды домбыра үйірмесіне бермес бұрын, үйіңе домбыра сатып ал. Соларға ыңғайлы, ықшамдысын ал» деді. Солай жасадым. Қыздарым қолдары босаса, домбыра тартады. Қазір күйді күмбірлетіп, ән салып жүр. Олардың талабына қуанамын. Күй тыңдаған бала қазақы болмыстан алыс кетпейді. Себебі, бабалардың қанымен келген күй өнері – біздің қазынамыз!

 

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 51
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 579
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 693
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 607
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 617

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367