«Күйшілер» аллеясы қайта жаңғырды

«Күйшілер» аллеясы қайта жаңғырды

Елордада Конституция күніне орай ауқымды реконструкция мен жаңғыртудан өткен «Күйшілер» аллеясы салтанатты түрде ашылды.

Аллея Абылай хан даңғылы бойында орналасқан және аумағы шамамен 25 000 шаршы метрді құрайды.

Қоғамдық кеңістікті күрделі жөндеу екі айға созылды. Мұнда ескі кеспетастар төсемі ұзаққа шыдайтын гранит тасқа ауыстырылып, көгалдандыру жүргізілді, тіреуіш қабырғалар орнатылып, көпжылдық бұталар мен шыршалар егілді. Сондай-ақ заманауи жергілікті суару жүйесі іске қосылды. Автотұрақ аймағы да айтарлықтай кеңейтіліп, асфальтбетон жабыны толық жаңартылды.

Тұрғындардың жайлылығы үшін кең көлемді балалар алаңы қауіпсіз жабынмен және шағын архитектуралық нысандармен жабдықталды. Сондай-ақ, воркаут және жаттығу аймақтары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері, көлеңкелі шатырлы орындықтар мен ересектерге арналған жайлы беседкалар орнатылды. Аллея аумағында қоғамдық дәретхана да қарастырылған.

«Аллеяға «Күйшілер» атауы қобызда ойнаған көрнекті халық музыканттары мен композиторларының құрметіне берілді. Олардың есімдері қашалып жазылған мәрмәр тақта орнатылып, бұл кеңістікке мәдени мән-мағына мен символикалық мазмұн беріп тұр», – деді Алматы ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі басшысы Данияр Қожахметов.

Айта кетейік, биыл елордада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылып жатыр. Бұл жұмыс барлық ауданды, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Қазіргі таңда оның басым бөлігі аяқталды.

 

Нағашыбай Қабылбек
04.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17755
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17605
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32792
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31361
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35034