«Күлтөбенің басында күнде жиын...» Бұдан қандай нәтиже шығар екен?

«Күлтөбенің басында күнде жиын...» Бұдан қандай нәтиже шығар екен?

Көктем шыға және күз түсе жанар-жағар май проблемасы елімізде жылда көтеріледі. Бұл енді жер емген шаруалар үшін өте қиын кез. Егін орағы мен шөп дайындау науқанында жанар-жағар май бағасының аспандап кететіні  түсініксіз. Бұл жөнсіздікті Үкімет мүшелері түгілі, Ақорда төңірегі де жақсы біледі. Алайда бағаны қолдан көтеріп отырғандарды тиюуға шарасыз. Шаруаларды тығырыққа тіреп есіргендерге, аяғы аспаннан салбырап түссе де бір шара қолданатын уақыт жеткен тәрізді. Күнделікті қолданыстағы азық-түлік бағасы да қайыру бермей бара жатыр. Ауылды жердегі ағайынның отынға жағар көмір күтіп, екі көздері төрт болып отырғаны  да жасырын емес. Өзекті өртейтін өзге де келеңсіздіктер күзбен қосылып халықты қалшылдата бастады. Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайдының кебінен қашан арыламыз? Осы ой көптің көкейінен кетпей жүрген. Тәуба дейік, шаруалардың жанайқайы жоғарыға жетіп, «Күлтөбенің басында күнде кеңес» өтіп жатқаны белгілі болды.

9 қазан күні ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) және жанар-жағармай материалдарына (ЖЖМ) бағаны реттеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Қазіргі жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Қарағанды облысы Жеңіс Қасымбек және т.б. баяндады.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,2 пайыз құрады. Бұған жұмыртқаның 2,7 пайызға қымбаттауы әсер етті. Жұмыртқа бағасының ең көп өсуі Маңғыстау (21,8 пайыз), Шығыс Қазақстан (16,6 пайыз) және Ақтөбе (12,1 пайыз) облыстарында тіркелді. «Айналым схемасы» шеңберінде өңірлерде 167,7 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатып алынды. Ең көп жасалғаны нан (41 мың тонна), картоп, ұн және қант (71,6 мың тонна) қоры болды. Күнбағыс майын, қарақұмық, сиыр еті мен қырыққабатты сатып алуға қаржыландыру ұлғайтылатын болады.

Нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында биылғы жылдың соңына дейін өңірлік тұрақтандыру қорларынан интервенциялар жүзеге асырылады, ал кейіннен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК АҚ-дан арзандатылған бидай сатып алу арқылы жүзеге асады. Заңнамаға тиісті түзетулер мемлекеттік органдардың қарауында.

Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды, а.ж. сәуір айынан бастап дизель отынының экспорты тоқтатылды, Атырау МӨЗ-інде жоспарлы жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды, а.ж. 1 қыркүйектен 5 қазанға дейін РФ-дан 55,9 мың тонна дизель отыны импортталды және басқа да шаралар қабылданды. Павлодар мұнай-химия зауытының мұнайды бастапқы өңдеу кешенін жөндеу мерзімін 1 қазаннан 9 қазанға ауыстыру қосымша 30 мың тонна дизель отынын өндіруге мүмкіндік берді. Жөндеу жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың 4 қарашасына жоспарланған. 

Осы жиналыстан кейін 12 қазан күні ҚР жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте энергетика вице-министрі Әсет Мағауов журналистер алдында былай жауап берді. «Біз Ресейден «шартты түрде арзандатылған» отын сатып алмаймыз. Ресей бізге коммерциялық бағамен сатады, ол шекарада шамамен 230 теңгені құрайды. Көлік шығындарын және т.б. ескерсек, ол ЖМҚС-та 260-270 мың теңгеден сатылады, сатылуы мүмкін. Бұл біздің жеткізушілер келісе алған ең төмен баға. Кейбір компаниялар қымбатырақ импорттайды, өйткені Ресей Федерациясындағы нарықтық жағдай да бізге тиімсіз. Brent бағасы көтерілді, ал дизель бағасы Brent бағасына белгілі бір пропорцияда тәуелді және Ресейдегі дизельдің экспорттық бағасы қымбаттады. Жаңа бағалар сәйкесінше көптеу болады деп ойлаймын. Ал ішкі нарықтағы бағалар литріне 208-330 теңге шамасында. Кейбір компаниялар әлі де бұрынғы қорларын сатуда, бір бөлігі нарықта ақша табуға тырысып, жоғары баға белгілеуде», – деп жауап берді ведомство өкілі. Сөйтсек барлығы да сауданың заңымен болып отыр екен...

Жыл басынан бері елімізде 78 млн тонна көмір өндірілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарына сәйкес 2021-2022 жылдарға арналған тұтыну көлемі шамамен 9,2 млн тоннаға жуықты құрайды, оның ішінде 2,8 млн тоннасы – коммуналдық-тұрмыстық секторда, 6,4 млн тоннасын тұрғындар тұтынады. Бүгінде әкімдіктер 7,5 млн тонна көмір әкелді, бұл коммуналдық-тұрмыстық сектор қажеттілігінің 93,1%-ын және халықтың қажеттілігінің 76%-ын қамтамасыз етеді.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шымкент қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында 87 тауар позициясы бойынша сауда үстемесін көтерудің 16 фактісін анықтады. Монополияға қарсы бақылау аясында дизель отыны нарығында бағаны төмендету туралы 19 хабарлама шығарылды. Мұнай базаларын, көтерме және бөлшек сауда жеткізушілерін дизель отынын өткізуді шектеудің негізділігі және оны ҚР аумағынан тыс жерге шығару мүмкіндігі тұрғысынан тексеру басталды.

Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне тұрақтандыру қорларын азық-түлікпен толықтыру және «айналым» схемасына қаражат бөлу жөніндегі жұмысты жандандыруды, сауда субъектілерінің сауда үстемесін бұзуы фактілері бойынша дереу шаралар қабылдауды, халықтың және коммуналдық-тұрмыстық сектордың қажеттіліктері үшін үздіксіз көмір жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің және инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. 

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9055
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8451
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11679
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9442
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10659