ЛГБТ МЕН «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ҚАБЫЛДАНҒАН ЖЫЛ

ЛГБТ МЕН  «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ»  ЗАҢ ҚАБЫЛДАНҒАН ЖЫЛ

Жаза тек құқыққа қайшы контентті таратуға қатысты қолданылады. Негізгі тетіктері: интернеттегі ЛГБТ насихаты «құқыққа қайшы контент» деп танылады;

алғаш рет заң бұзғандар үшін айыппұл – 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге);

бір жыл ішінде қайталанса – айыппұл ұлғаяды немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Маңызды жайттар: бақылау автоматты түрде емес, тек азаматтардың шағымы негізінде (eOtinish арқылы) жүргізіледі;

контент міндетті түрде сараптамадан өтеді;

насихат деп бұрынғыдай оң баға беру қарастырылады.

Мысал, екі ер адамның қол ұстасып жүрген видеосы насихат емес. Ал сол видеода ЛГБТ қауымдастығына қосылуға үндеу болса, насихат деп бағаланады.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары дарынды балаларды қолдауды, бірыңғай медициналық көмек пакетін енгізуді, дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін нормаларды да қабылдаған.

Айтпақшы, 2025 жылы Қазақстанда саяси реформалар жеделдетіліп, экономикалық саясат күшейтілді. Бір палаталы Парламент құру ұсынылып, жаңа Салық кодексі қабылданды. Тоқаев АҚШ-қа барып, 17 млрд долларлық келісімге қол жеткізді.

Нақтылай кетейік, бір палаталы Парламент құру Президенттің ойынша, 2027 жылы елде Парламент реформасы жөнінде жалпыұлттық референдум өткізіп, содан кейін Конституцияға тиісті өзгеріс енгізуге болады.

«Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын», – деді Тоқаев.

Былтырғы 10 қаңтар күні Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Қол қойған заң аясында бұрынғы Президенттердің денсаулығы мен жеке өміріне қатысты мәліметтер мемлекеттік құпия санатына енгізілді. Бұл өзгеріс «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңға түзетулер енгізу арқылы жүзеге асырылды.

30 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша, антикор таратылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылды. Тағы бір айта кетері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет енді Президентке тікелей бағынбайды және есеп бермейді.

Былтырғы жағымды жаңалықтың бірі – ауыл және қала әкімдерінің сайлауы. Жыл бойы ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы жалғасты. 1500-ден астам партия өкілі (алты партия мүшелері) және 700-ден астам өзін-өзі ұсынған кандидат әкім болып сайланды.

Жыл басында бұл үдеріс айтарлықтай қарқын алғандай көрінді. Тоқаев Ақордада өткен ауыл әкімдерінің жиынында ауыл және аудан әкімдерінің халықтық сайлау арқылы іріктелуін саяси реформалардың маңызды жетістігі ретінде атаған еді.

2025 жылы 18 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексін қабылдады. Бұл кодекс 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Президент құжатты әзірлеуді бастау жөніндегі тапсырманы 2022 жылы қыркүйекте берген. Ал талқылау шамамен үш жылға созылған.

2025 жылы Қазақстан жылдық инфляция деңгейін 8,4% (қаңтар айында) көрсеткішімен бастады. Алайда бағалардың өсу қарқыны ай сайын артып, 2025 жылы қыркүйекте 12,9%-ға жетті. Бұл – 2023 жылдың тамыз айынан бергі рекордтық көрсеткіш. Ал ол кезде көрсеткіш 13,1% болған еді.

Қараша айында Ұлттық банк пен Үкімет қабылдаған шаралардың нәтижесінде инфляция 12,4%-ға дейін төмендетілді.

Былтыр Қазақстанда министр Жаслан Мәдиев басқаратын Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Сонымен қатар ол Премьер-министрдің орынбасары қызметіне көтерілді. Жасанды интеллект білім беруге, мемлекеттік басқаруға және басқа да салаларға белсенді түрде интеграцияланып жатыр. Жалпы алғанда, еліміз цифрлық үкіметке үш жыл ішінде толық көшіп болмақ.

Алдыңғы жылы Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасын қабылдады. Ал биыл мемлекеттік саясатты, жасанды интеллектінің ұлттық платформасын және басым экономикалық салаларды реттейтін «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылдады.

2025 жылы елімізде жасанды интеллект мемлекеттік деңгейде стратегиялық құжаттар, арнайы министрлік құру және ірі инфрақұрылымдық жобалар арқылы белсенді түрде насихатталып жатыр. Үкімет экономиканы цифрландыруға, кадрларды даярлауға және жасанды интеллектіні құқықтық реттеуге баса назар аударып отыр.

Негізгі бастамалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмалары бойынша жүзеге асырылып отыр.

2025 жылы Қазақстан атом энергетикасын дамыту жолында маңызды қадам жасады. 8 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылында, Балқаш көлі маңында алғашқы атом электр станциясын салуға арналған инженерлік-іздестіру жұмыстары басталды. Бұл АЭС құрылысы алаңындағы ресми жұмыстардың басталғанын білдіреді.

Жобаны халықаралық консорциум жүзеге асырады. Оның жетекшісі ретінде ресейлік «Росатом» компаниясы таңдалды. Ол маусым айында Қытай, Франция және Оңтүстік Корея компанияларымен өткен конкурс нәтижесінде бас мердігер атанған. АЭС-ті 2035-2036 жылдары пайдалануға берілмек. Ал жобаның жалпы құны шамамен 14 млрд долларға бағаланып отыр. Айта берсек, әңгіме көп. Осы жерден доғарайық!

 

P.S. Ескі жылды есірке, жаңа жылда жарылқа дейді атамыз қазақ. Жылан жылы халқымыз үшін жаман болмады. Ең бастысы, басымыз аман, бауырымыз бүтін. Ел іргесі берік! Еңсеміз биік! Алапат соғыстан аманбыз. Арандатушылар арамызда көп, солардың соңынан еріп кетуден сақтасын Алла бізді! Бүлік бар жерде береке болған емес. Бүлік бар жерде даму болған емес.

Қазақстанды әлем таниды. Санасады. Орта Азиядағы тұғыры асқақ, тамыры тереңге кеткен түркі елінің біріміз. Тыныштық болса, кемшіліктер жойылар, бәрі орнына қойылар! Ашыққан қарын тойынар! Атан түйе де сойылар!

Жылқы жылы құтты болсын! Ел іргесі мықты болсын! 

 

Нағашыбай Қабылбек
16.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бауырлас елдерді барласақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 15.01.2026 46

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22219
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21977
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37691
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35562
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39619