Лондон сотынан

Лондон сотынан

Көзде – жас, көкіректе – шер...  Редакциядан: Естеріңізге сала кетейік, әзірге Лондон соты жалғасып жатыр. Сот тыңдалымы жайлы Азаттық тілшілері жазыпты. Бұл өзекті мәселені назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Қытайдың саяси лагерлерінде болған бірнеше қазақ  Орынбек Көксебек, Ербақыт Отарбай мен Бақытәлі Нұр 12 қыркүйекте куәлік берді. Олар Қытай лагеріндегі адам шошырлық азаптар жөнінде айтты.

Тыңдауға Қазақстаннан барған Бақытәлі Нұр өзін Қытай полициясының саяси лагерге «24 терроршы елдің тізімінде бар мемлекеттерге барғаны үшін» (Қытай лагерін көргендердің көбі «Қытай әлемде терроризмді қолдайтын елдердің тізімін жасаған», –деп айтады, бірақ ондай ресми құжат жарияланбаған) қамағанын айтты. Ол Қытай полициясының әйеліне құрсақтағы алты айлық баласын алдырып тастауға мәжбүрлегенін де жеткізді. Оның жазбаша мәлімдемесіндегі дерекке сүйенген сарапшылар одан ұйғыр жігіттің азапталуы жөнінде сұрады.

– Бір күні оны (ұйғыр жігітті) түнгі сағат 12 жарымда алып кетті. Сол күйі төрт күннен кейін бір-ақ әкелді. Оның екі қолы сал болып қалған. Ертесіне басқарушы қытай маған «мына баланың екі қолы істемейді. Cол үшін сен оны дәретке отырғызасың, тамақ жегізесің», – деді. Осылайша оған тамақ ішкізіп, дәретке отырғызып жүрдім. Біз отырған жердің бәрі бүтін камера. Ол жерде сөйлей алмайсың. Тек дәретханада ғана әңгімелесуге мүмкіндік болды. Сол жігітті дәретке отырғызған кезде қайда апарды деп сұрап едім, мені бір жерге апарып төрт күн асып қойды, басында аяғым жерге тимеген. Төрт күннен кейін сіңірлерім созылып, жерге тиді. Содан екі қолым сал болып қалды – деді. «Бақытәлі, жейдемді түрші», – деді. Қарасам, оның электрошоктан күймеген жері қалмапты. Сонда баланың айтқаны: «Аға, бүйткенше өліп қалмасам болмай ма, мен не істедім...», – деді. Сонда ол баланың бар қылмысы – ұйғырларда «мәшрап» дейді, достарымен бірге сол отырысқа барған. «Терроршылар не деді, қылмысыңды мойында», – деп оны қинаған, – деді көзіне жас алған Бақытәлі Нұр.

Лондондағы тыңдауға Қазақстаннан барған Орынбек Көксебек Қытай лагерінде 125 күн немесе 4 ай қамауда болғанын, одан шыққаннан кейін екі ай үйқамақта болғанын айтты. «Қытай тілін білмегенім үшін, Қазақстан азаматы болғаным үшін тұтқындады. Олардың мені қинағанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын», – деді Орынбек Көксебек. Сонымен қатар ол Қазақстанда да жүрген кезде де әлдекімдерден қоқан-лоқы көргенін айтты. Лондонда Қытайдың Шыңжаң өлкесінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге түркі тілді халықтардың қуғындалу мәселесіне арналған екінші тыңдау 10 қыркүйекте басталған. Алғашқысы маусым айында өткен.

Халықаралық баспасөзде «Ұйғыр трибуналы» деп аталып кеткен сот тыңдауында Қытайдың түркі тілді мұсылмандарды қудалауына қатысты дәлел-айғақтар сарапталып, Геноцид туралы конвенция аясында Пекиннің әрекетіне баға беріледі.

Британдық адвокат Джеффри Найс төрағалық еткен комиссия үш күн аралығында Шыңжаңдағы саяси лагерьлерде болған куәгерлер, мәселені зерттеп жүрген ғалымдар мен түрлі мамандарды тыңдайды.

Британ ақпарат құралдарының жазуынша, тыңдаудың заңнамалық күші жоқ, бірақ оны ұйымдастырушылар бұл процесс Қытайдың түркі тілді мұсылмандарды қуғындау саясатын айқындай түседі деп үміттенеді.

Комиссия төрағасы Джеффри Найс британдық Sky News агенттігіне берген сұхбатында: «Біз жай ғана фактілерді сараптаймыз, заң тұрғысынан қарап, ненің дәлелденгенін айқындаймыз», –  деген. Оның сөзінше, тыңдауға бірнеше рет қытай шенеуніктері шақырылған, бірақ жауап болмаған.

Қытай үкіметі бұған дейін тыңдауды қатаң сынаған. Екінші тыңдау алдында Пекиндегі баспасөз жиынында Қытайдың Ұлыбританиядағы елшісі Чжэн Цзегуан процесті Қытайды қаралауды көздейтін «саяси манипуляция», – деп атаған.

Azattyq.org сайтынан
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 229
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 226
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 728
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 851
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 764

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8921
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8314
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11541
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9298
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10526