Мақпал көліне саяхат

 Мақпал көліне саяхат

Батыс Тянь-Шань тауларының қайталанбас табиғаты ондағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Таулы аймақтың биологиялық әртүрлі табиғи кешендерінің ерекшелігін, ондағы табиғи қорының нысандарын, мәдени-табиғи мұраларды сақтап қалу мақсаты  «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркін құруға негіз болды. 

Еліміздің оңтүстік өңірінде орналасқан Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі туристік маршруттардың көбісі әсем көлдерге бағытталған. Жалпы парк аумағында 7 көл бар: Төменгі және Жоғарғы Сайрамсу көлдері, Домалақ көл, Сопақ көл, Мақпал және Сусіңген көлі, Балықты көл. Осылардың ішінде туристік маршрутқа енгендері: Сайрамсу, Мақпал, Сусіңген, Балықты көлдері. 

Осы көлдердің ішіндегі табиғаты тамсандырған Өгем тауының етегіндегі қайталанбас сұлулығымен ерекшеленген Өгемнің маржаны – Мақпал көлі. Көлге бару ұзақтығы 31 шақырым. Мақпал көлiнiң кереметi Iле Алатауындағы Көксараймен деңгейлес. Көлдiң ерекшелiгi де сонда, теңiз деңгейiнен 2100 метр биiктiкте, заңғар таулардың қоршауындағы қазаншұңқырға орналасқан. Аталмыш көл Талас тауларының оңтүстiк-шығыс сiлемдерiне ұласатын аймақтарда. Көл жерасты бұлақ көздерiнен, мәңгiлiк мұздақтардан нәр алғаны болмаса, оған ешқандай өзен сулары құйылмайды. Соған қарамастан суы тұщы, ешқашан айнымайды. Көл маңы туризмнiң бiр емес, бiрнеше саласын қатар дамытуға сұранып-ақ тұр. Көлдiң көлемi мен тереңдiгi де әртүрлi. Әуесқой зерттеушiлердiң айтуынша, Мақпал көлiнiң тереңдiгi 80-100 метрге дейiн жетiп, түбiнен тас көрiнедi. Енi 120, ұзындығы 800-900 метрге дейiн жететiн көлде тiрi жәндiк өмiр сүрмейтiнi де өз алдына бiр жұмбақ. Жағалауында емiн-еркiн жүрiп, көл әлемiмен танысуға қолайлы.

Мақпал көлге қатысты ел аузында айтылатын аңыз бар. Оны бізге Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің экскурсоводы Ахат Бахытбекұлы әсерлі етіп әңгімелеп берді. Аңыз бойынша көл жағасын ертеде бір бай жайлау етіп қоныстанған. Байдың Мақпал есімді сұлу қызы болады. Бай қызын өзі қатарлы бай баласына ұзатпақ болып құдаластырады. Алайда, Мақпал сұлу әкесінің жылқышысы кедей жігітпен сөз байласып, жастар бір-бірін сүйіп жүргендіктен, бір түнде жеңгесіне ішіндегі бар сырын айтып, көлге батып кетеді. Қыз есімімен көл Мақпал атанады, махаббатымен жылы болып қалады, қыздың көз жасымен көлде тіршілік жоғалады.

Түркістан өңірінде әсемдігі мен тарихы туристерді қызықтыратын нысандар көптеп саналады. Бұл Түркістан облысының болашағына, рухани-мәдени саласына қызмет ететін байлығымыз деген ойдамыз.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 247
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 319
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 271
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 307

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4134
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5780
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4537
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5722