МАҚТААРАЛДЫ ДАМЫТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

МАҚТААРАЛДЫ ДАМЫТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданына іссапармен барып, мәжіліс өткізді. Кезекті рет жергілікті атқамінерлердің жұмысын саралап, ауданды дамыту жолдарын талқылады. Аудан әкіміне басқарма басшыларымен бірлесіп, қоғамның барлық саласы бойынша жұмысты жандандыруды, жаңа идеяларды жүзеге асыруды тапсырды.
– Алдыңғы кездесуімізде аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту, жастарға жеңілдетілген шағын несие беру және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлесін азайтуды тапсырғанмын. Мәселе назардан түспеуі тиіс. Инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу – негізгі бағыттар. Ауыл шаруашылығы мен сауда-саттық саласында да ауданның мүмкіндігі жоғары. Бекітілген индикаторларды толық орындаңыздар. Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту көрсеткіші төмен. Жұмысты күшейту қажет. Бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, индустриалды аймақтың аумағында жаңа кәсіпорындарды ашу бойынша жұмыстарды күшейту керек, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте аудан әкімі Бақыт Асанов атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданды дамытуға кедергі болып отырған деректерді жариялады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі биыл 10 айдың қорытындысымен 5 млрд. теңгені құрап, жоспар толық орындалмаған. «Ауыл аманаты» бойынша балық, құс шаруашылықтары қаржыландырылмаған, жоба жоқ. Кәсіпкерлікті дамыту, индустриалды аймақты жандандыру мәселесі де өзекті күйінде тұр. Өзге де салалардағы кемшіліктер ашық айтылып, жауаптыларға жағдайды түзеу жөнінде тапсырмалар берілді.
Жауаптыларға елді мекендердегі демалыс орындары мен саябақ, скверлерді ретке келтіру, жалпы ауданды абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 193
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 186
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 696
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 818
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 732

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8888
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8283
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11511
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9267
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10495