Бүгін облыс орталығы Тараз қаласында Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтуде.
Осы мерейтойда «Мәдениет – асыл қазынам» атты барлық облыс аудандарында өткен мәдениет күндерінің қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды.
Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында ұйымдастырылған мәдениет күндерінің қорытындысы бойынша Сарысу ауданы жүлделі үшінші орынды иеленіп, арнайы диплом мен заттай сыйлықтың сертификатымен марапатталды.
Марапатты Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев табыс етті.