Марғұлан Сейсембай: Дағдарыста ақшаны қалай сақтап қалуға болады?

Марғұлан Сейсембай: Дағдарыста ақшаны қалай сақтап қалуға болады?

Соңғы кездері көп адам менен: «Ақшаны қалай, қай жерде, қай валютада сақтау керек, қайда инвестиция жасау керек?» – деп жиі сұрай бастады. Мұның барлығы – тек белгілі бір сәтте ғана өзекті болатын тар шеңбер- дегі сұрақтар

Мен дұрыс ойлай білу білімнің көп болуына қарағанда құндырақ дегенге сенемін. Дұрыс ойлай білу – адамға кез келген жағдайда керек жалғыз нәрсе. Басқасын гугл, ютубтан табуға болады. Өкінішке қарай, каналдардың басым көпшілігі бірдеңені қалай жасау керек, не істеуге болады деген түрлі кеңеске толы.

Дұрыс ойлау үш қабілеттен тұрады: 1) дәл қазіргі сәтте ненің тиімді-тиімсіз екенін анық түсіну 2) үшін ойлау диапазонын өзгерту қабілетінің болуы 3) әрі фокусты сол нәрседе сақтай білу.

Дағдарыс кезінде кез келген адам қоятын басты сұрақ – «Не істеу керек?». «Ақшаны қайда сақтау керек?», «Қайда инвестициялау керек?» сынды сұрақтар айналып келгенде «Не істеу керек?» сұрағының баламасы ғана.

Дағдарыс бұрынғы құралдардың жұмыс істемейтін, ал жаңа құралдар әлі белгісіз болған белгісіздік кезеңі болған соң дәл осы сұрақ өзекті болады. Дағдарыс деген – ескі жұмыс әдістерінің жаңа шынайылықпен сәйкеспеуі. Дағдарыс – дүние туралы түсінігіңіздің өзгерген шынайылыққа сай келмеуі.

Дағдарыс нақты кезеңдерден тұрады, әр кезеңде сізге түрлі құралдар мен тәсілдерді пайдалану керек. Мәселен, қазір «дағдарыстың дамуы» деп аталатын екінші кезеңі жүріп жатыр. Оған дейін «дағдарыс- тың туындауы» кезеңі болған. Ал осыдан кейін «дағдарыстың үдеуі», сосын «дағдарыстың басылуы», «түбіне жетуі» деген кезеңдері болады. Байқағандарыңыздай, бес кезеңі бар.

«Дағдарыстың дамуы» кезеңінде дағдарыстың барлық белгілері байқалады, бірақ оның ауыр салдарын әлі көрген жоқпыз. Адамдар дағдарыстан қауіптеніп, біртіндеп мазасыздық пен үрейге берілуде. Қор жинай бастады, түрлі қауесет тарауда. Үкімет пен орталық банк алғашқы шараларды қолға алуда.

Бұл кезеңде: 1. Дағдарыс үдее түседі. 2. Адамдар дағдарыстың басталғанын көзбен көрсе де, оны санасымен толық қабылдай алмайды, дайындыққа енді кіріседі. Дағдарыс па, жоқ па, ол қаншалықты ұзақ әрі терең болады, қай салалар жапа шегеді деген сұрақтарға жауап іздейді. Алғашқы паника байқалады. 3. Дағдарыстың сыртқы белгілері көріне бастайды. Алғашқы тапшылық пен ресурстар жетіспеушілігі көрініс табады.

Десе де, негативті салдары көрінгенімен, олар байқала қоймайды.

Егер осы кезеңде «басылу» немесе «түбіне жету» кезеңдеріндегі құралдарды пайдалансаңыз, үлкен қателік жасағаныңыз. Мысалы, «Қайда инвестиция саламын?» деген сұрақ «дағдарыстың түбіне жетуі» кезеңіне жатады. Сіз оның ең ауыр кезеңдерінен аман шығып, алдыңызда кеңею, масштабтану мәселесі туындады делік. Бұл кезеңде «Қайда инвестиция саламын?» деген сұраққа жауап берсеңіз, қателесесіз. Өйткені таудың басынан қар көшіп келе жатқанда, тауға шығу үшін қай жолмен жүру керек деген сұрақтың еш мәні жоқ. Қар көшіп жатқанда, қалай аман қаламын, қайда қашу керек және қалай зардап шекпеу керек деген сұрақтар ғана қойылу керек.

Қар көшкіні жүріп жатқанын көріп тұрсаңыз, алаңсыз оптимист-батыр болған дұрыс па әлде сақ, бірақ қорқақ-пессимист болған жөн бе? Жауабын түсінген боларсыз.

Дағдарыстың қазіргі кезеңі үшін келесі екі түрлі сұрақты қою маңызды:

1. Зардап шекпей қалай аман қалу керек? Бұл сұрақ дамып, үдеп бара жатқан дағдарыстың қазіргі және келесі кезеңдеріне сай келеді.

2. Дағдарыстың осы кезеңінде қайда инвестиция құйған дұрыс?

Еш зардап шекпей, немесе барынша аз зардап шегіп аман қалу үшін ең алдымен кішірейіп, топтасып, жақыннан болжағыш болуыңыз керек. Бұл кез келген биіктіктен құлау сияқты. Топтасып, кішірейіп, жақыннан болжағыш болу деген не?

Дағдарыста әрекет етуге көмектесетін үш ереже:

1. Топтасу дегенім – барынша барлығын өз бақылауыңызға алу. Дағдарыс кезіндегі ең жақсы басқару стилі – диктаторлық стиль, яғни сіз шығынды да, кірісті де өзіңіз қадағалап отырасыз. Сонымен бірге:

  • барлық валюталық қарыздар-ды жабу керек;
  • ақша қолма-қол болатындай болу керек, оны валютаға айналдырып, жаныңызда ұстаңыз, өйткені дағдарыс кезінде есепшотыңызда доллар болғанымен, оны пайдалана алмайтын жағдайлар болуы мүмкін және жиі солай болады да.

2. Кішкентай сезініңіз деген бизнесіңіздің масштабын қысқарту.

Ал ол үшін:

  • барлық даму бағдарламала-рын, өсуге бағытталған барлық инвестицияны барынша қысқарту керек;
  • барлық қажетсіз әрі күмәнді шығындарды азайту керек;
  • қызметкерлерді барынша қысқарту керек;
  • өндіретін тауардың ассорти-ментін азайтып, тек табысты әрі өзіндік құны ең төменгілерін ғана қалдыру керек;
  • жалға алған артық орындар-дан бас тарту керек.

3. Жақыннан болжағыш деген – тым алысқа көз тікпеу. Бәрібір ол жақтан ешнәрсе байқай алмайсыз.

Бұл тұста:

  • қысқа мерзімді жоспармен жұмыс істеңіз;
  • бүгінгі күніңізді өте ұқыпты жоспарлаңыз;
  • тым ұзақ мерзімді жоспар құрмаңыз;
  • жылдам сатуға болатындай, тауарды шағын партиямен ғана өндіріңіз;
  • тактикалық деңгейде ойла- ныңыз;
  • жағдайға байланысты ойла- ныңыз.

Дағдарыс кезінде қоғамда «сенбе, қорықпа, сұрама» деген принцип жұмыс істей бастайды. Сондықтан қазіргіге ұқсас жағдайда, жалпы дағдарыстың барлық кезеңінде, оның ең түбін бастан кешірмегенше дейін ешқандай да материалды активтерге инвестиция салуға кеңес бермеймін. Әр күн сайын доллармен есептелетін материалды активтердің құны төмендей береді. Ал теңгемен есептелетіндердің бағасы өседі, өйткені алда әлі девальвациялар мен инфляциялар күтіп тұр.

Доллар, еуро болсын, барлық нәрсенің құны түсе береді, себебі дағдарыс – бұл ұлттық тауарлар бағасының төмендейтін, ал импорт пен қатты валюта бағасының өсетін уақыт. Негізгі міндетіңіз – ақшаңыздың сатып алу құндылығын уақыт ішінде сақтап қалу. Қарапайым тілмен айтқанда, егер қазір қолыңызда бар ақшаға бір үй сатып ала алатын болсаңыз, онда 5–10 жылдан кейін де ақшаңыз кем дегенде тура сондай немесе одан да артық дүниені сатып ала алатындай болуы керек.

Ең қиын сәттерде біз тиімділігімізді жиі жоғалтамыз, маңызды істі жасауға назар аудара алмай, кейде тіпті бизнеспен де айналыса алмай қаламыз. Осындай жағдай үшін мен әрдайым сізбен күнде болатын нақты ұсақ-түйектерге көңіл бөлуге кеңес беремін.

Бизнес-коуч Алекс Кролдың айтуынша, аристократтар әрда- йым балаларын ұқыпты жүруге, ешқашан тым көп тамақ ішпеуге және пышақ пен шанышқыны пайдалануға машықтандырған. Бұл ұсақ-түйектердің барлығы – жай снобизм емес. Керісінше, ғасырлар бойы қалыптасқан ішкі бақылау, фокус, тиімділікті сақтап қалудың әдісі. Тек күнделікті ритуалдарын сақтап, пышақ пен шанышқыны пайдаланып, мұнтаздай киініп, стиліне мән беретіндер ғана аман қалып, жаңа деңгейге шыға алады. Егер адам ұсақ-түйекке де мән бере алмаса, оның рухы сынды деген сөз.

АҚШ-тың генералы Уильям Макрейвеннің: «Егер таңертең әлемді өзгертуді бастап кеткің келсе, алдымен төсегіңді жина», – деген сөзін еске түсіріңіз.

Дағдарыстың кез келген сатысында инвестицияны осы үш салаға салуға болады:

1. Дұрыс ойлауды дамытуға, өзіңнің жеке дамуыңа. Бұл сізді ешқашан «лақтырып» кетпейді, құнсызданбайды, еселеніп қайтады. Ол үшін:

  • айналаңызға 360 градусқа қараңыз;
  • жаңа нәрсені үйреніңіз, биз-несіңіздің аясынан шығыңыз;
  • жаңа мамандық немесе жаңа тауашаларды меңгеріңіз;
  • шағын пилоттық жобалар жасаңыз;
  • асықпаңыз. Қазір бір нәрседен құр қалу мүмкіншілігі төмен, ал қателікке ұрынып қалу ықтималдылығы жоғары кезең;
  • әмбебап болуға тырысыңыз. Қазір әмбебап бизнес пен кең профильдегі мамандар кезеңі туды.

2. Сізді қолдайтын және қарым-қатынас жасайтын ортаға. Ол үшін түрлі іскерлік клубтар мен қауымдастықтарға тіркеліңіз. Түрлі жиындарға, конференциялар мен форумдарға қатысыңыз. Пікірлестер мен әріптестер табыңыз. Барынша көбірек тәжірибе, білім, байланыс алмасыңыз. Жаңа достар табыңыз.

3. Саяхаттауға. Егер сіз дағдарысқа дайын болсаңыз әрі аман шығамын ба деген уайымыңыз болмаса, бұл сізге жарайды. Бұл – сізбен өмір бойы қалатын әрі ешкім тартып ала алмайтын дүние. Өміріңізді байытатын нәрсе. Сондықтан тайм-аут алыңыз. Нарықта әзірше жақсы мүмкіндік жоқ екенін пайдаға жаратыңыз. Демалыңыз, дағдарыстан кейін алдыңыздан ашылатын мүмкіндік пен дамуға дайын болыңыз.

m.forbes.kz
28.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 177
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 398
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 361
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 978

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660