Мәсімов интеллигент және өте қу адам - Ертісбаев

Мәсімов интеллигент және өте қу адам - Ертісбаев

Ұзақ жыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болған Ермұхамед Ертісбаев “Ответь Бажкеновой” бағдарламасына берген сұхбатында Қаңтар қасіреті туралы және ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов туралы өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, қаңтардағы қақтығысқа Кәрім Мәсімовтің тікелей қатысы бар, деп хабарлайды Экспресс К.

Экс-кеңесші Ермұхамед Ертісбаев журналист Гүлшат Бажкенованың Youtube арнасына берген сұхбатында қаңтар қақтығысына қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, қарсылық акцияларының ұйымдастырылып жатқанын ҰҚК алдын ала білген. Ол Кәрім Мәсімов биліктен Тоқаевты кетіргісі келді дейді.

"Мен Кәрім Мәсімовті 25 жылдан бері танимын. 90-шы жылдары АТФ банкті басқарғаннан бастап білемін. Ол интеллигент және өте қу адам.

Мәсімовтің өзі де көпшілікке келесі тақ мұрагері осы болады деген әңгіме таралғанын қалады. Қаңтардағы қақтығысқа тікелей Мәсімовтің қатысы бар. Ал бұл Назарбаев пен Тоқаевқа күтпеген жағдай болды. Менің көзқарасым бойынша ҰҚК наразылық акциялары дайындалып жатқанын алдын ала білді. Соңғы екі жылда Мәсімовтің билігі өте ықпалды болды. Одан бәрі қорықты.

Менің ойымша, Кәрім Мәсімовтің қамауға алынуы оның барлық қарсылық акциялары туралы біліп отырғанымен тікелей байланысты. ҰҚК елдегі саяси тұрақтылықпен тікелей айналысады. Олар елдегі болатын ахуалды біліп тұрып, соған жол берді. Менің болжауымша, наразылыққа шыққандардың 95 пайызы саяси протестанттар болды, қалған 5 пайызы жолдан қосылған мародерлар, бұзақылар және террористер.

20 мың террорист кірді деген ақпаратты Тоқаевқа ҰҚК берді.Олар осы арқылы оның елордадан кетуін, билікті тастап қашып кеткенін қалады. Қасым-Жомарт Тоқаевты ақпараттық вакумда ұстады. 20 мың террорист келді, Ақорданы басып алады деп Президентке қорқыту әрекеттерін жасады.

Күштік құрылым өкілдері Тоқаевты сатып кетті. Бұл жағдайда Президенттің қасында қалып, қолдаған жалғыз министр — Ерлан Тұрғымбаев қана. Сондықтан ол өзінің қызметін сақтап қалды", — дейді Ермұхамед Ертісбаев.

Ертісбаев сонымен қатар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты да өз пікірін білдірді.

"Назарбаев өзінің мұрагері ретінде кімді қойғысы келгені қазір ешкімге қызық емес. Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі толығымен жойылды. Бірақ ол қанша дегенмен біздің Тұңғыш Президентіміз. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесі жұмысын жалғастыруы керек. Кітапханада әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген миллиондаған том кітап тұр. Бұл керемет байлық және Назарбаевтың жазған кітаптары — Назарбаевтың мұрасы. 30 жыл бойы тұрақтылық пен бірлікте өмір сүрдік. Қазақстан ТМД бойынша азаматтық қақтығыстан аман қалған жалғыз ел", — деді Ертісбаев.

19.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 467

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9167
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8565
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11793
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9561
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10773