Мәскеу өзінің қуатты екенін дәлелдемекші

Мәскеу өзінің қуатты екенін дәлелдемекші

Біз бұған дейін Герасимовтің оттауын жариылаған едік. Осындай оттаудың астарында көп нәрсе бұғып жатыр. Ресейдің әскери басшылығы өз армиясының майдандағы табыстары туралы жалған мәліметтер беріп, Батысты Ресейдің Украинаны жеңетініне сендіруге тырысады, делінген Американың соғысты зерттеу институтының (ISW) есебінде.

Сарапшылардың пікірінше, Ресей билігі Батыстың көзқарасына ықпал ету және Ресей жеңісінің болмай қоймайтынын көрсету үшін майдандағы әскери қуатын алға тарта отырып, кең ауқымдық ақпараттық науқанды бастады. Мысал ретінде сарапшылар Ресей Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимовтың дәйексөздерін келтірді. Біз бұл туралы осыған дейінгі жазбамызда сөз еткен едік. 

ISW сарапшыларының пікірінше, Герасимов РФ армиясының майдандағы жетістіктері туралы мәліметтерді асыра сөз етеді. Институт сарапшыларының мәліметінше, 2025 жылдың 1 наурызынан бастап ресейлік әскерлер Украина аумағының 2346 шаршы шақырымы мен 130 елді мекенді басып алды. Яғни, Герасимов ресейлік жетістіктерді шамамен 1200 шаршы км және 19 елді мекенге арттырады.

ISW-дің хабарлауынша, ресейлік әскерлер Сумы облысының солтүстігінде 212 шаршы км жерді басып алған, бірақ бұл ауданда тек тоғыз елді мекенді ғана бақылауда ұстайды. Бұл ретте РФ әскерлері Украинаның Луганск, 99,7% Донецк, 76,7% Херсон және 73,2% Запорожье облыстарының 73% басып алды. Бұдан басқа, ISW сарапшыларының мәліметінше, ресейлік армия Купянскінің 6,3% -ын ғана басып ала алды және Мирное, Новомихайловка, Редкодуб, Грековка, Колодязи, Средний, Вороное, Сичневое немесе Камышеваха елді мекендерін тіптен де толығымен бақыламайды.

РФ қорғаныс министрі Андрей Белоусов 29 тамызда ресейлік әскерлер айына 600-700 шаршы км басып алады деп мәлімдеді. Бірақ, ISW сарапшыларының мәліметінше, 2025 жылдың маусым, шілде және тамыз айларында ресейлік әскерлер айына 440-500 шаршы шақырымға ғана жылжи алды деп бәрін терістеді.

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл мәлімдемелер Ресейдің Батыстың өздеріне тиімді шешім қабылдауына ықпал етуге талпынысын көрсетеді. Ресейлік армияның шабуылы мен жеңісі сөзсіз деген жалған әсер қалдыру үшін барын салып бағуда. Путлер режімінің бұл әрекетіне қатысты сарапшылар тобы: «Мәскеу Батысты Ресейдің әскери мақсаттарына қол жеткізетініне сендіргісі келеді, сондықтан Украина ресейлік талаптарға көнуі керек, ал Батыс тиісінше оны қолдауды тоқтатуы тиіс».

ISW есебінде сондай-ақ Кремльдің аумақтық жетістіктер статистикасын келтіруі Ресей армиясының елеулі шығындарын, сондай-ақ ұрыс алаңында РФ артықшылығының жоққа тән екенін жылы жауып қойып, әлемнің көз алдында өтіп жатқан біртіндеп және баяу ілгерілеу сипатын ескермейтіні атап өтілген. 

Сонымен қатар, талдаушылардың айтуынша, Кремльдің аумақтық жетістіктердің статистикасын осындай жетістіктеріміз бар деп жариялауы ресейлік армияның әскери тиімділігі туралы идеяларды манипуляциялау әрекеті болуы мүмкін. «Бұл сондай-ақ Ресейдің соғыс алаңындағы жеңісі сөзсіз деген Кремльдік тезисті нығайтуға талпыныс. Бірақ шын мәнінде олай емес», – деп атап өтті ISW.

Абилсерик Алиакбар

 

11.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17554
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17403
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32575
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31164
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34822