
Халық қалаулылары көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, аялдамаларды орнату, қоғамдық көліктердің қызметі сынды өзекті мәселелерді көтерген.

– Мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлері біз үшін өте маңызды. Солардың тарапынан көтерілген көптеген мәселелер қаламыздың үш жылдық жоспарына енгізілген. Соған сәйкес бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады. Алдағы уақытта да халық қалаулыларымен бірге облыс орталығындағы түйткілдердің түйінін тарқатарымызға сенімдімін. Бұл шаһарымыздың дамуына да оң әсерін тигізеді, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.