Мекемеде алғашқы қоңырау соғылды

Мекемеде алғашқы қоңырау соғылды

1 қыркүйек -оқушылар,студенттер мен мұғалімдермен қатар білім алатын сотталғандар үшін де оқу жылының басталуы болып саналады.
Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің білім алушы сотталғандарына алғашқы қоңырау соғылды. Салтанатты жиын Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен сүйемелденді. Мекеме басшылығы мен оқытушылар жазасын өтеушілерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараға адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Б.Байхожаев, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері қатысты. Сотталғандарға сапалы білім беру оларды түзеу жолындағы іргелі негіз болып табылады,сонымен қатар пенитенциарлық жүйеде іске асырылатын басты міндеттердің бірі.
Кешкі мектеп басшылары мен мекеме қызметкерлері жазасын өтеушілерге алдағы жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

02.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5046
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5210
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20171
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18815
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22269