2025 жылы 7 тамыз күні Алматы қаласы Алатау аудандық Ардагерлер кеңесі және «Әжелер алқасының» ұйымдастыруымен ұлт болмысының тұғыры, халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абайдың 180 жылдығына арналған Алатау ауданындағы №89 ЖББ мектепте «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты әдеби іс-шара өтті. Ақынның рухани мұрасын ұлықтауға арналған бұл әдеби іс-шараға ауданның 82 ардагерлері мен ұстаздар қауымы қатысты. Абай мұрасын жас ұрпаққа терең танытып, өрелі ойлары мен тәлім-тәрбиелік өнегесін кеңінен дәріптеуге бағытталған бұл шараны аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таубалды ашып, Алматы қалалық кеңестің жауапты хатшысын Тоқмолдаев сөз сөйледі. Әдеби іс-шараны Қазақстан Республикасы Білім саласының үздігі, аудандық «Әжелер алқасының» төрайымы Ғ.Белибаева жүргізіп, ақынның ой жауһары тұнған мұрасынан тағылымға толы сөздерінен үзінділер келтірді. Шара барысында ардагерлер Абайдың асыл мұрасы қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер окып, әндерін орындады.
Сондай-ақ Алатау ауданы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Шаңырақ - 2 ықшамауданында №26 орта мектепте Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби іс-шара өтті. Әдеби іс-шараны Ақбұлақ ықшамауданы бастауыш ардагерлер ұйымының және аудандық Әжелер алқасының төрайымы Ғани Латифқызы жүргізді. Мұнда Абай атамыздың тарихи, әдеби және философиялық бай шығармашылық мұрасы толық қамтылды.
«Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй» дегендей, Алатау ауданы ардагерлерінің халық ансамблі аудандық мәдени жұмыстар жөніндегі комиссия төрайымы Макира Сейілханқызының басшылығымен Абай Құнанбайұлының әндерін көрермендерге аса шеберлікпен жеткізді.