Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Президенттің сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. «Жағдай ауыр. ЖЭО әбден тозған! Біз бұл мәселемен жүйелі түрде айналысып, үнемі назарда ұстауымыз керек. Өткен қыста болған оқиға, әрине, бұл қалада да, басқа қалаларда да қайталанбауы керек. Бұл Үкіметтің және барлық әкімдердің жауапкершілігі. Біз болған істен қиын сабақ алдық. Жалпы еліміздің азаматтарына және тиісті қалалардың тұрғындарына көрсеткен шыдамдылығы мен түсіністігі үшін көп рақмет айту керек. Бірақ бұл шыдамдылық пен түсіністікті сезіну мүмкін емес. Сондықтан шара қолданамыз», – деді Мемлекет басшысы.