Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

 Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органдардың басшылары мәлімет берді.
Мемлекет басшысы экстремистік әрекеттердің алғышарттарын анықтап, олардың алдын алу, халықаралық терроризмнің таралуына жол бермеу, соның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны жетілдіру, дұрыс ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі кешенді тәсілдердің маңызды екенін атап өтті.
Отырыс соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
31.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 159
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 383
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 390

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19051
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18910
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34072
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32628
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36433