Мемлекеттік қызметкер, Инабатты келін

Мемлекеттік қызметкер, Инабатты келін
Ақын да, батыр да анадан туған. Сондықтан, талбесіктен тәрбие беретін келіндердің шеберлігін шыңдау – өнегелі іс. Осыны мақсат тұтқан мойынқұмдықтар жас келіндер арасында сайыс өткізген болатын. Ауданымыздың Жамбыл ауылында өткен байқауда озық өнер, білімімен Қарабөгет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айдана Динистанова да сынға түсті.
Қарабөгет ауылының келіні, отбасының берекесі, үш баланың анасы Айдана байқаудың сиыр сауу кезеңінде 2 минутта 3,5 литр сүт сауып, келіндер арасында жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Бұл байқауда ұлтымызға тән барлық жақсы қасиеттер бойынан табылатын қазақ келіндері халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін насихаттап, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу бойынша бақ сынады. Сондықтан мұндай сайыстардың тәрбиелік мәні зор.
Алуа ГАУХАРБАЙҚЫЗЫ, «Мойынқұм таңы».
08.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 531
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 533
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 458

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20850
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20635
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35767
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34287
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38167