МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева фейсбук әлеуметтік желісінде қазақстандықтарды  Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл біздің Тәуелсіздігіміздің басты атрибуттарына деген ерекше құрмет. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран – халқымыз бен мемлекеттілігіміздің қасиетті нышандары.

(Біздің тарихымыз бен мол мәдени мұрамыз, Қазақстанның болашаққа деген ұмтылысы рәміздерден көрініс табады. Мемлекет басшысы мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті.

«Мемлекеттік рәміздерде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күш бар. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – мемлекетіміздің мәртебесі, халқымыздың ар-намысы. Олар алға қарай нық қадам басып, биік мақсаттарға қол жеткізу жолында күш-жігер береді», – деді Президент.

Мемлекеттік ту – Қазақстанның еркіндігін, ашықтығы мен адалдығын бейнелейтін нышан.

Елтаңба біздің ғасырлар бойы жүріп келе жатқан тарихи жолымызды, халықтың бірлігі мен қуатын бейнелейді. Әнұран Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, жүрекке мақтаныш сезімін ұялатады. Бүгінгі мереке тағы да құтты болсын! Елдігіміз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Көк туымыз көкте мәңгі желбірей берсін!» – деді ведомство басшысы.

10.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 487
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 490
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 513

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13572
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13539
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28661
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27333
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30844