МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ
🔰Бүгін ұлттық мереке — Республика күні көк Туды желбірете көтерген шабандоздардың «Атты шеруімен» басталды. Таңнан Жаңатас қаласының көшелерін аралап, тұрғындарға патриоттық сезім сыйлады.
🔰Сонымен бірге, орталық алаңда Мемлекеттік Ту салтанатты жағдайда көтерілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, сөз сөйледі.
—Бүгін біз Республика күні мерекесінің құрметіне салтанатты жағдайда Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне жиналып тұрмыз. Бұл рәсімнің біз үшін маңызы айрықша. Көк Туымыз – еліміздің ең басты рәмізі. Халқымыз үшін азаттықтан асыл, байрақтан биік құндылық жоқ. Қазақта «Туың жығылмасын!» деген жақсы тілек бар. Бабаларымыз қашанда туын биік ұстаған. Ел басына күн туған шақта бір тудың астына бірігіп, тұтастығын танытқан.
Біз егемендік алған жылдардан бері бір тудың асына біріккен біртұтас ұлт ретінде қалыптастық. Сондықтан көк Туымыз – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі,—деген аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы орталық алаңға жиналған аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады.
🔰Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығына тоқталып, егемен еліміздің Туының биік болуына тілектестігін білдірді.
Бұдан кейін Мемлекеттік Әнұран шырқалып, орталық алаңдағы Мемлекеттік Ту салтанатты жағдайда көтерілді.
🔰Салтанатты шара барысында аудан жастары «Мен қазақпын» атты патриоттық композиция көрсетті.
Мерекеге арналған шара орталық алаңда концерттік бағдарламамен жалғасты.
Сарысу ауданы әкімдігі
25.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АКИМ ОБЛАСТИ НУРАЛХАН КУШЕРОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ТУРКЕСТАНА
Пресс-служба акима Туркестанской области - 13.03.2025 41
АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВЕЛ ПЕРЕГОВОРЫ С ИНВЕСТОРОМ ИЗ ГЕРМАНИИ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 13.03.2025 49
Кәсіпорында құзіреттілік орталығы ашылды
Алмас Ильясов, Қаратау құрылыс-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары. - 13.03.2025 86
К ОТКРЫТИЮ ТУРИСТИЧЕСКОГО СЕЗОНА В ТУРКЕСТАНЕ ГОТОВЯТ 2,5 ТОННЫ НАУРЫЗ КОЖЕ
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области - 12.03.2025 95

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2020
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2259
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17147
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15872
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19241