МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ КЕРЕК

МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ КЕРЕК

Маусым айында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ғалымдар алдында Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру мәселесін қойған болатын. Бірақ сол тапсырма орындалатын түрі жоқ. Кейбір мүдделі шенеуніктер ҰҒА-сын акционерлік қоғамға айналдырып, артынан жекешелендіріп алғысы келеді. 

Президент тапсырмасын орындамай отырған кімдер?

Қазақстан ғылымының мақтанышына айналған  Ғылым ордасы  сонау 1946 жылы 1 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясы салтанатты түрде ашылған болатын. Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым  Қаныш Сәтбаев  сайланды. 

Осыдан кейін ұзақ жылдар бойы Қазақстан ғылымы дамып, бұрынғы Кеңестер одағы тұсында алдыңғы қатарлы ғылым ордасына айналды.

Алайда соңғы жиырма жылда ҰҒА-сы мемлекеттік мәртебесінен айырылып, қоғамдық негіздегі мекемеге айналды. Осыдан бастап еліміздің ғылымы тоқырауға ұшырады.  Мұны  байқаған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылғы  1 маусымда ҚР  Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру туралы мәселені күн тәртібіне қойды.   Осыған орай  Академия бюджет тарапынан қаржыландырылып, еліміздің ғылымы жаңа бағытта өркендеуі тиіс еді.

Осы мәселеге орай 30 маусым күні Ғылым ордасының мәжіліс залында ҚР ҰҒА-сының Жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде ҰҒА Президиумының жұмысы туралы және   Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың ҚР ҰҒА-сына мемлекеттік мәртебе  беру туралы тапсырмасына   орай мәселені талқылау қойылды.  Қазіргі таңда ҚР ҰҒА құрамында 238 академик пен корреспондент-мүшелері, жүзге тарта шетелдік ғалымдар мен еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының мүшелері бар.

Алайда ҰҒА-сы алдындағы ҚР Президенті тапсырған мәселе іс жүзінде  төтенше жағдайға тап болуда. Білім және ғылым министрлігі әу бастан ҚР Ұлттық ғылым академиясын коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қалуына мүдделі болып келеді. Бұл жерде «коммерциялық емес» деген термин  «мемлекеттік емес», яғни «жеке» деген ұғымға жақын  болып отыр. Демек, оны кейбіреулер  жекешелендіріп алуға барынша тырысуда. Осылайша  Білім және ғылым министрлігі  Президент Әкімшілігіне және Үкіметке осы ұсынысты тықпалап, қайткен күнде  ҰҒА-ны  акционерлік қоғам ретінде қалдыруды көздеп отыр. Ал Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың ҰҒАерекше формадағы Республикалық мекеме болуы тиіс деген талабын кейбіреулер бұрмалап, қайткен күнде оны акционерлік қоғамға айналдыруды, түптеп келгенде жекешелендіріп алуға мүдделі болуда.

 

ҚР ҰҒА мүшелерінің үндеуінен нәтиже жоқ

Осындай оспадарлыққа және қитұрқылыққа наразы  ҚР ҰҒА мүшелері өздерінің Үндеуін таратуда. Онда былай делінген:

ҚР ҰҒА пікірін ескерместен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына 100% мемлекеттің қатысуымен КЕАҚ (коммерциялық емес акционерлік қоғам) мәртебесін беруді қарастыратын «Ғылым туралы» Заңға қате түзетулер жасырын түрде асығыстықпен қабылданды. 

ҚР ҰҒА бұл түзетулерге келіспейтінін және қабылдамайтынын білдірді. 

Біріншіден, ҚР Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе емес, квазимемлекеттік мәртебе берілгендіктен.100% мемлекет қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғам (КЕАҚ) мемлекеттік меншік субъектісі бола отырып, квазимемлекеттік ұйым болып табылады. 

Екіншіден, ғылыми қоғамдастықтың ішкі өмірінің белгілі бір автономиясы түрінде ғылыми өзін-өзі басқару жойылады, өйткені барлық осындай мәселелер уәкілетті органның қалауы мен өкілеттіктеріне беріледі. Ғылыми өзін-өзі басқаруды жою, бұл – ҚР ҰҒА негізін жою!

Ғалымдар қауымы елімізде ғылымның дамып, өркендеуіне мүдделі. Ұлттық ғылым академиясы жекешелендіруге жатпайтын, мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын ұйым болуы тиіс. Сондықтан біз барлығымыз Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ағымдағы 2022 жылғы 1 маусымдағы ҚР ҰҒА мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебенің берілуі қатаң түрде жүзеге асуына мүдделіміз. 

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен өткен ҚР ҰҒА жалпы жиналысының 2022 жылғы сессиясы қарсаңында ҚР БҒМ Ғылым комитеті арқылы Үкіметте және тиісінше Президент Әкімшілігінде Ғылым Академиясын трансформациялау, атап айтқанда, оған КЕАҚ – акционерлік қоғам мәртебесін беру арқылы жекеменшіктің топтық формасын қалдыруды енгізген. 

Осы сессиядан кейін бірден Президенттің ҚР БҒМ-ін бөлу және оның құрамынан ҚР ҰҒА-ны трансформациялау мәселелерімен айналысуға тиіс жаңа Ғылым және жоғары білім министрлігін шығару туралы тапсырмасына қарамастан, БҒМ басшылығы ҚР Парламентіне жедел түрде «ҚР Ғылым туралы» заңға түзетулер жіберіп,  осыған дейін  Парламент Мәжілісінің депутаты болған С. Нұрбекке ҚР ҰҒА мемлекеттік мәртебе беру мәселесімен терең танысуға ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Парламентте осы түзетулерді өте қысқа мерзімде қандай да бір талқылаусыз қабылдауға мүмкіндік беретін жолдар пайдаланылды. Сәйкесінше Парламент қабылдаған түрінде оларды Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға жіберді.

ҚР ҰҒА Президенті М. Жұрынов Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбекпен кездесіп, оны ҚР ҰҒА мүшелерінің ҚР ҰҒА мемлекеттік мәртебесіне қатысты ұстанымдары республикалық мемлекеттік мекеме (РМУ) формасы екендігі, ал КЕАҚ формасы Ғылым Академиясының қызметіне мүлде сәйкес еместігі туралы жазбаша да хабардар етті. Сондай-ақ, министрге ҚР ҰҒА Президентінің Мемлекет басшысының атына ҚР ҰҒА пікірі толық баяндалған хаты тапсырылды. ҚР ҰҒА президенті тиісті хатты ҚР Премьер-министрінің атына да жолдады. Әзірге одан оң нәтиже жоқ.

Осыдан кейін 30 маусымдағы ҚР ҰҒА-сының Жалпы жиналысында  Қазақстан ҰҒА-сына мемлекеттік мәртебе беру туралы  Академияның Президенті М.Жұрынов қол қойған Қаулы қабылданды. Қаулыда  ҰҒА-сы коммерциялық емес, жекелеген адамдардың мүддесі мен пайдасына қызмет етпейтін, жекешелендіруге мүлде жатпайтын, Мемлекет басшысы атап өткеніндей, ғылым мен білімді дамытатын Ғылыми  орталық болуы тиіс. Ол жеке ұйым ретінде ғылыммен тікелей  айналысатын мекеме болатындығы атап өтілген. Алайда ҚР Білім және ғылым министрлігі Үкімет пен Президент Әкімшілігіне  ҰҒА-сын коммерциялық емес Акционерлік қоғам ретінде құрып, Мемлекет басшысының тапсырмасын өрескел бұрмалауға жол беруде. Соның салдарынан Парламентте жедел түрде  «Ғылым туралы» Заңға өзгертулер енгізілгенін қалай түсінуге болады?  Бұл Қазақстан ғылымы үшін мүлде тиімсіз. Парламент қабылдаған Заң  Президент  Қ.Тоқаев тапсырмасын тікелей бұрмалау, ол ешқандай талапқа сай келмейді деп атап өткен Қаулыда. Сондықтан ҚР ҰҒА-сының Жалпы жиналысында ғалымдар Парламент қабылдаған «Ғылым туралы»  ҰҒА-сына  «Коммерциялық емес акционерлік қоғам» деп қабылдаған Заңға наразылықтарын білдіруде. Сондықтан ҚР Президентіне Үндеу жолдап,  бұл Заңды тоқтатып, кері қайтаруын сұрайды.  Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясына  мемлекеттік мәртебе беріліп,  толыққанды ғылыммен айналысатын  Ғылым ордасы болуы тиіс. Осы тұрғыда  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 маусымдағы  тапсырмасын жүзеге асырып, еліміздегі ғылымды дамыту саясатын толық қолдайды делінген ҰҒА Президенті М.Жұрынов қол қойған Қаулыда. 

Бүгінде «Қазақстан ғалымдары мемлекеттік мәртебесі бар толыққанды  Ұлттық Ғылым академиясы  болуын талап етеді. Ғылымсыз даму жоқ!» – дейді ғалымдар. Жаңа Қазақстанды құру үшін жаңаша ойлайтын, жемқорлықтан таза ғалымдар керек. Әйтпесе ғылым құлдырап, құрдымға кетеді. Ендігі жерде ғылым да, ғалым да атына сай сапалы болуы тиіс! Елімізде  Президент Қ.К.Тоқаев атап көрсеткеніндей, Мемлекеттік мәртебесі бар, бюджеттен қаржыландырылатын, ешқандай акционерлік қоғам емес, толыққанды  Ұлттық Ғылым академиясы болуы тиіс! ҰҒА-сының Президенті М.Жұрынов мырзаның қолы қойылған  Қаулыда осылай атап көрсетілген. Сонда ғана жемқорлықтан ада ғылым дамитын болады. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің ұсынысы бойынша  2022 жылғы 1 маусымдағы ҚР ҰҒА Жалпы жиналыс сессиясында  Қазақстан Президенті айтқан ұсыныстарын, ондағы хаттамалық тапсырмаларды нақты орындау жолдарын жүзеге асыру мақсатында Министрлік пен Ғылым академиясының бірлескен Комиссиясының жұмысы басталды.

 

 

Шаргүл Қасымханқызы
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281