Менің Отаным – Қазақстан. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары қандай ыстық болса, Отан да, адам баласына сондай ыстық! Қазақстанның байлығы өте мол және қазынаға толы. Отан десе, адамның жүрегі езіліп, көңілі елжіреп, көзі нұрланады. Кез келген ұлттың өз Отаны бар десек те, талайының тұрағы жоқ. Ал, менің туған жерім, тұғырлы тәуелсіз Отаным бар. «Отан» деген бұл сөзде қаншама сүйіспеншілік, терең махаббат жатыр десеңші?! Бұл сөз әр адамның жанына жақын, сезіміне жылы тиері даусыз. Қазақстандай мемлекетіммен мақтанамын!
Бізде табиғи байлық, сандаған кен орындары бар. Онда алтын, күміс, мыс, темір қорлары бар. Біздің жеріміз кең, даласында таулар мен өзендер көп. Қазақстан – ұлан-байтақ, көрікті, кең өлке! Мен Отанымды сүйемін!
Нұрахмет СҮНДЕТ