Меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға берілуіне жүргізілген талдаудың қорытындылары қаралды

Меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға берілуіне жүргізілген талдаудың қорытындылары қаралды

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарында мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті делінген.

Мұндай талап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында да көзделген.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің осы заң талаптарын сақтауына қатысты Департаментпен талдау жүргізілді.

Нәтижесінде, Жамбыл облысындағы жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқаратын 16 мемлекеттік қызметшінің коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталдарында үлестері бар екендігі белгілі болды.

Сонымен қатар, талдау нәтижесінде Заңның талаптары кейбір мемлекеттік қызметшілердің тарапынан бұзылғандығын көрсетті.

Аталған мәселелер, Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, мемлекеттік органдардың басшыларына заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар берілді.

Бүгінгі таңда, берілген ұсынымдар толығымен орындалды.

 

 

 

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті
12.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5033
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5197
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20155
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18798
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22255