Мереке қарсаңында 7 мектеп ашылады

Мереке қарсаңында  7 мектеп ашылады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында 20 мың орынға шақталған 7 мектеп ашылады.  

2021 жылы елордада 15 мектеп салынып, шамамен 40 мың оқушыға орын тапшылығы шешілген болатын. Бірақ мектепке, бірінші сыныпқа баратын оқушылар саны жыл сайын өсіп, бітіруші түлектер санынан 3 есеге дейін артық болуы, мектеп тапшылығын тудырып отыр. Әрине балалар санының өскені қуантарлық жағдай. Сондықтан еліміздің жарқын болашағы балаларымызды балабақша, мектеппен қамтамасыз ету кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Халық санының жыл сайын өсуі мен көбеюін ескере отырып, қала әкімдігі оқу орындарының құрылысы бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. ОКҚ алаңында өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада салынып жатқан мектеп құрылысы туралы мәлімдеді.

– Елордада жыл сайын ішкі көші-қон есебінен де, бала туу есебінен де адамдар саны өсуде. Соңғы 10 жылда оқушылар саны 3 есеге артты. Мысалы мамыр айында 7 мың түлек болса, бірінші сыныпқа 25 мың оқушы келеді. 2030 жылға қарай Нұр-Сұлтанда 400 мыңға дейін оқушы болады деп ойлаймыз. Әрине, бұл тамаша перспективалар, сонымен бірге бұл мектептердің белсенді құрылысын талап етеді.

2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы екі есеге көп, 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп мектеп салдық. Бұл үш ауысымды мектептер санын бірнеше есеге қысқартуға және оқыту режимін қайта тығыздауға мүмкіндік берді, – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқу орындарының құрылысына ерекше көңіл бөлу керектігін ескертіп, мектептер санына арттыруды тапсырған-ды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылы елордада тағы 16 мектеп салынады. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 70-ке жуық мектеп салу жоспарланған. Бұл процеске жеке инвестициялар да тартылады.

Қала басшысының айтуынша, құрылыс кезінде мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы да ескеріледі: IT және STEM-кабинеттер-оқушылар 3D-объектілерді құра алады, роботтарды үлгілей алады, ғылыми-техникалық білімдерін бірден практикада қолдана алады, инклюзия, педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттері де жұмыс істейді.

Оқу орындарына қажеттілік бар аудандарға назар аудара отырып, білім мекемелері қаланың барлық аудандарында, соның ішінде тұрғын алаптарында көптеп салынып жатыр. Оқу орындарының құрылысымен қатар, қолданыстағы мектептерге де  да тиісті көңіл бөлінеді. Бүгінге дейін заманауи сұранысқа сәйкестендіріліп, 26 білім беру нысаны (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөнделді.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
09.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652