Меркіде өнер мектебі ашылды

Меркіде өнер мектебі ашылды
ҚР Конституциясы күні мерекесіне орай, бүгін ауданда өнер мектебі салтанатты түрде ашылды.
Аудандағы Қ.Жандарбеков атындағы өнер мектебіне жаңа ғимарат қажеттігі аудан тұрғындарының біраз уақыттан бергі сұранысы болатын. Тұрғындар тілегі ескеріліп, биыл осы мәселе шешімін тауып, мерекеге орай, жас өнерпаздарға жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Баубеков Жорабек қатысып, жас өнерпаздарды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Аудан әкімі өнер-білім мен мәдениетті қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтіп, аудандағы осы саланы жаңғырту жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді.
Салтанатты шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
300 орынға арналған өнер мектебінде домбыра, қобыз, фортепиано, вокал, баян, аккордеон үйірмелері мен оқу кабинеттері жұмыс жасап, 34 педагог қызмет атқарады.
Меркі ауданы
30.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13968
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13917
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29053
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27708
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31222