Министр Аида Балаеваға журналистер ұсынысы

Министр  Аида Балаеваға  журналистер ұсынысы

Билік сапында біраз ауыс-түйістер болды. Солардың ішінде Ақпарат министрлігінің аты да, заты да өзгеріп, тіптен жаңа министр келді. Жаңа дегенде Аида Балаева ханым, өздеріңіз білесіздер, бұл лауазымды қызметке екінші рет келіп отыр. Ақпарат әлемі Аида Ғалымқызына жат емес. Қайта кезінде бітіре алмай кеткен шаруаларын қолға алуына мүмкіндік туғандай. Аида Ғалымқызы сол кездері журналистермен жиі кездесіп, көкейтесті мәселелерді ортаға салып, үнемі ақылдасып отыратын. Әрине, біздің де кейбір өтініштеріміздің де орындалмай қалғандары бар. Солардың ең өзектісі – қазақ баспасөзінің жағдайының қиындап бара жатқандығы. Оның ішінде баспасөзге жазылу мәселесі жыл өткен сайын тоқырауға ұшырап, газет-журналдың оқырманға жетпеуі үлкен проблемаға айналды. Ал тоқырауды тудырған «Баспасөзге жазылуға мәжбүрлемеңіздер!» деген әлдекімнің бұйрығы зор әсер етті деп ойлаймыз.

Қадірлі Аида Ғалымқызы, осы бұйрықтың күшін жоймай, баспасөздің жағдайы жақсармайды. Есіңізде ме, кезінде баспасөзді оқырманға жеткізудің тиімді жолын сізге ұсынғанбыз. Ол республикамыздағы кітапханалардың әрқайсысына бір-бірден газет-журналды жаздыру. Бұрын кітапханалар Мәдениет министрлігіне қарайтын. Қазір сәтін салып, ол сала сіздің құзырыңызға қарады. Мінеки, әне-міне дегенше газетке жазылу науқаны басталғалы тұр. Осы өтінішімізді жүзеге асыруға көмектессеңіз. Бұл біздің ғана емес, бүкіл журналистердің ұсынысы деп біліңіз. 

Сізді жаңа қызметіңізбен құттықтаймыз. Әрқашанда абыройлы болыңыз!

07.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 05.05.2024 11
ТАРАЗДА ФУТЗАЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 05.05.2024 9
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 9
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 118

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1253
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7302
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11163
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7360
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7508