Министр айтқан қос мәселе де өзекті

Министр айтқан  қос мәселе де өзекті

Қыркүйектің 26-сы күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас  ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған әлеуметтік еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру барысы туралы БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Тамара Дүйсенова ел Президентінің кезекті Жолдауындағы жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, еңбек ресурстарының сапасын арттыру туралы қолға алынған шаралар туралы баяндап өтті. 

«2000 жылдан кейін туған жастар бүгінде еңбек жасына жетіп жатыр. Сондықтан жалпы жұмыс күшінің 56%-ы 1987 жылдан кейін туған жастар болса, 2030 жылға қарай жалпы жұмыс күшінің дені осы жастардың есебінен болады. Әлеуметтік кодексте, біріншіден, жастарды жұмысқа тарту бойынша шаралар қарастырылған. Мысалы, жыл сайын 100 мыңнан астам жастарды мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына тарту. Сондай-ақ, министрлік агрокредиттік корпорациямен бірлесіп, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген қайтарылатын несие беру. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі, бірақ кәсіпкерлікке ынтасы бар жастарға берілетін гранттарды одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның сомасы биыл 1,2 миллионнан асты. 2023-2025 жж. арналған бюджетте осы мәселелер бойынша 300 млрд теңгеге жуық қаражат көзделген. Құжат Мәжілісте қаралып жатқан бюджет жобасының аясында қаралады», – деді Т. Дүйсенова.

«Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту кеңейеді. Жыл сайын 40 мың түлек жастар тәжірибесіне қатысады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысушылар үшін жастар тәжірибесінің бөлігі ретінде төленетін тиісті төлемдерге тең болатындай қосымша жәрдемақы белгіленеді. «Алғашқы жұмыс» жобасы ҰБТ тапсыра алмаған немесе оқуын жалғастырмаған мектеп түлектеріне арналып, қайта бағытталатын болады», – деді министр. 

Сондай-ақ министр Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекс жобасы аясында еңбек ресурстарының сапасын арттыруға бағытталған бірқатар шаралар қарастырылғанын айтты. Құзыреттілікті арттыру үшін қызметкердің, жұмыс берушінің және мемлекеттің бірлескен жауапкершілігін көздейтін жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы қалыптастырылды.

«Ұлттық біліктілік жүйесін қайтадан жүктеу шеңберінде: жұмыс берушілердің қатысуымен кадрларды даярлаудың мемлекеттік тапсырысына бағдарланатын кәсіби стандарттарды әзірлеу; біліктілікті бағалаудың тәуелсіз орталықтары институтын іске қосу және жұмыс берушілердің қызметкерлерді оқыту үшін қосымша материалдық ынталандыруын енгізу қарастырылады.

Персоналды аттестациялау біліктілікті де, жеке дағдыларды да тануға мүмкіндік береді. Енді жастар дипломы болмаса да, сертификат алып, жұмысқа орналаса алатын болады. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, бүгінде жұмысқа орналасқан кезде жұмысшының дағдыларын растайтын сертификат маңызды рөл атқарады, яғни практикалық жұмысы мен біліктілігі», – деп атап көрсетті Тамара Дүйсенова.

Тамара ханым осымен сабақтас тағы бір жайды сөз етті. Ол көптің көкейінде жүрген көші-қон мәселесі еді. Министрдің айтуынша, көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр екен, әрі бұл құжат жақында Үкіметке жолданатын көрінеді. 

Сонымен қатар реттелетін ішкі көші-қонды ұйымдастыруға және сұранысқа ие, тапшы мамандықтар бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту көзі ретінде сыртқы көші-қонға жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді. «Қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру үшін құнды дағдылар рейтингі қалыптастырылды. Бұған дейін сұранысқа ие, тапшы мамандықтар бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту үшін бір жылдық квота берілетін. Енді бұл мерзім 3-5 жылға дейін ұзартылмақ. Осы уақыт ішінде мамандарды тартып қана қоймай, оларды дайындау да жолға қойылмақ. Оны ескере отырып, университеттеріміздің ғылыми әлеуетін арттыру үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша кемінде 100 жетекші ғалымдарды және тапшы мамандықтар бойынша 100-ден кем емес білікті шетелдік мамандарды елге тарту жоспарлануда.

Ал сырттан келетін қандастарымыздың арасындағы аса қажетті мамандық иелеріне сұраныс артатын сияқты. «Қазақ картасы» 100 этникалық қазаққа жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар немесе табысты бизнес-кейстерді жүзеге асырған және оны Қазақстанда кеңейтуді қалайтын басқа елдердің азаматтарына беріле отырып енгізіледі», – деді министр. Ал қолданысқа енгізілгеніне бірнеше жыл болған Ішкі көші-қон бағдарламасы аясындағы жұмыстарға да бірқатар өзгерістер енетін көрінеді.

«Бүгінде көші-қонды ұйымдастыру бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Біріншіден, онда баратын азамат алдымен жұмыс орнын белгілеуі қажет. Қажетті келісімшартты жасағаннан кейін оған қоныс аударуды ынталандыру үшін қоныс аудару аумағындағы тұрғын үй құнының 50% дейін өтемақы алуға құқық беретін ұтқырлық сертификаты беріледі. Ол бұл қаражатты үй салуға немесе сатып алуға, не болмаса «Отбасы банкке» алғашқы жарна ретінде салып қоя алады», – деді Тамара ханым.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
30.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 140
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 325
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 948

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9023
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8419
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11646
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9403
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10629