Жаз бойы төкккен маңдай тердің ақталатын кезі, халық молшылық пен тоқшылыққа кенелетін уақыт дәл осы күз мезгілінің қарсаңында. Бұл маусымда жеміс-жидек пісіп, бау-бақша еселенген еңбектің қайтарымына өнімін төгеді. Осы орайда, азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру тұрғындар үшін аса маңызды. 12 тамыз күні Мойынқұм жұрты орталық Амангелді көшесінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге ағылды.
Аталған жәрмеңкеге ауданның 16 ауылдық округі әкімдері ауылда орналасқан кооперативтері мен кәсіпкерлерінің өнімдерін ұйымдаса қатысты. Іс-шараға аудан әкімі Ә.Балқыбеков арнайы қатысып, тауарлардың саны мен сапасына өз бағасын берді. Дәлірек айтқанда бүгіңгі жәрмеңкеге барлығы 24 өнім ұсынылды. 30 пайыз төмендетілген бағамен сатылған өнімдерді жұртшылық қуана сатып алды. Сан-алуан тауарлардың қатарында:
«Биназар АГРО» 60 тонна мал азығы (дала шөбі),
4,5 тонна дәнді дақылдар(қызанақ, қияр, картоп, қауын, қарбыз, әңгелек),
750 кг ет өнімдері (сиыр, қой еті),
1 тонна балық өнімі (сазан, судак),
Кеңес ауылдық округіндегі «Мойынқұм құс» фабрикасынан құс өнімдері 100 дана тауық еті (1 тауықтың өнімі 1,3 кг), 500 дана жұмыртқа, 30 дана тірі құстар (үндік, тауық, балапандар),
100 кг болатын сүтті өнімдер (құрт, ірімшік), 100 литр (сиыр сүті, айран, қымыз, шұбат) секілді өнімдер әкелінді
Ет, сүт өнімдері бір сағат болмай жатып өтіп кетті.
Қолда бар өнімді халық игілігіне ұсынып, жәрмеңке ұйымдастыру – бұл ежелден келе жатқан дәстүр. Бүгінгі таңда ол жаңа сипатқа ие болды. Ағыл-тегіл жәрмеңкеден ауыр дорбаларын арқалап қайтып бара жатқан ауыл халқы дән риза.