Мұнай өңдеу зауытын қайта жарақтандырды

Мұнай өңдеу зауытын қайта жарақтандырды

Атырау мұнай өңдеу зауытында биыл 1 қазаннан бастап ҚР өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Азаматтық қорғау туралы» заңының талаптарына, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспар-кестесіне сәйкес жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде АМӨЗ-де технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу жоспарланған. 

Сондай-ақ зауыт жұмысы тоқтаған кезде реакторлық жабдықтың катализаторлары ауыстырылады. Жоспарлы алдын алу жұмыстарына 2000-нан астам қызметкер, 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылады.

Қазір жанар-жағармайдың тапшылығын болдырмау, ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтап тұру мақсатында АМӨЗ-де мұнай өнімдерінің жеткілікті қоры жинақталуда. Мұнай өнімдері ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сай ішкі нарыққа біркелкі жөнелтілетін болады. 

Айта кетейік, Павлодар мұнай-химия зауыты және Петро Қазақстан Ойл Продактс жұмысы штаттық режимде жалғасады.

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ, Атырау облысы
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5021
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5185
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20140
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18784
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22242