Мұхаңның өмірбаяны – ұрпаққа үлгі

Мұхаңның өмірбаяны – ұрпаққа үлгі

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы – қожа.

Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортаазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, Әуез де Абай ауылымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3, №4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі?», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция  ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды.

 Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды,  әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.

 

Сүйікті жарлары және әйелдері

Әйелдері – Райхан, Кәмила, Валентина Николаевна Кузьмина, Фатима Ғабитова.

Қыздары – Мұғамиля, Лейла.

Балалары – Шоқан, Ернар, Мұрат Әуезов.

Алайда Мұхтар Әуезовтың басқа рухани серігіне айналған бірнеше сүйікті әйелдері болған. Олардың ішінде бізге есімдері белгілілері: Аққал, Ғайни, Рәзия, Гүлбан, Күлан, Мәспен, Оразкен, Ольга, Надя.

 

Мұхтар Әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан.

«Сарыарқа» газетінде 1917 жылы жарияланған «Оқудағы құрбыларыма» атты алғашқы мақалаларының бірінде жас жазушы оқуда жүрген құрбы-құрдастарын уақытты бос өткізбей, халықты оқу-білімге бастап, үлгі көрсетуге шақырса, «Қайсысын қолданамыз?» деген мақаласында орысша және ескіше – мұсылманша оқыған азаматтардың оқу ісін жүргізуде         бірауызды болуы жайында орнықты шешімге келу қажеттігі туралы сөз қозғайды.

1919-21 жылы Семей губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары және төрағасы болып тұрған кезінде Семейде шыққан «Қазақ тілі» газетіне ағартушылық жұмысын жолға қою мәселесін көтерген бірнеше мақалалар    жариялайды.

1922 жылы 27 тамызда «Қазақ тілі» газетіне жазушының (Орынборда қазақ АССР Орталық атқару комитетінің басшылығында істеп жүріп) Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне ашық хаты басылады. Хатта жер-жерде оқыған қазақ қызметкерлерінің халықты сауаттандыру жолында өнер-білімге жұмылдыру ісіндегі      самарқаулығы сыналады.

1930 жылы Қазақстан Оқу комиссариаты білім кеңесінің шешімімен Қызылордада басылып шыққан «Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хаттар» деген халық ағарту саласы үшін маңызды жинақтың қазақ әдебиеті пәніне арналған «Суретті әдебиет туралы» атты бөлімін Әуезов Бейімбет Майлин, Әлкей Марғұланмен бірлесіп жазған. Бағдарламада қазақ шаруа жастарының үш жыл ішінде қазақ әдебиетінен нені оқып үйрену қажеттігін айтып, қазақ әдебиетіндегі дәуірлеу мәселесін ұсынады.

1957 жылы қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған республикалық кеңес қарсаңында «Қазақстан мұғалімі» газетінде (28 наурыз) «Ана тіл әдебиетін сүйіңдер!» деген күн тәртібіндегі осы мәселеге байланысты кезек күттірмес шаралар туралы ой қозғайды. 

 

Ұлылардың пікірлері:

Н.Погодин: «Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаң да – сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың абыройлы борышы».

Дінмұхамед Қонаев: «Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқатата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек». 

Шыңғыс Айтматов, жазушы: «Мұхтар Әуезов – ақын. Ол өз елінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнелейді. Сонша ұлылықпен, сонша суреткерлікпен және Әуезовтей кісі жырлаған халық шын бақытты ғой». 

Бержерон, француз жазушысы: «Мұқаң – әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бірде-бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрін де қатар және тең ұстаған адам». 

 

Гулнара САРКЕЕВА, «Гуманитарлық пәндер» цикл жетекшісі, Жоғарғы санаттағы тарих пәнінің педагогы
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602