Қорды жүйелі түрде толықтыру жұмыстары – музей ісіндегі басты ғылыми бағыттардың бірі. Бұл тұрғыда музей қорын жекелеген ұйымдар мен тұлғалардың сый-тартулары, жинақтау жұмыстарын жүргізу, археологиялық экспедициялар нәтижесінде немесе кездейсоқ табылған жәдігерлермен, облысқа еңбегі сіңген белгілі тұлғалардың, ғылым, білім, өнер, тарих, және мәдениет қайраткерлерінің жеке затттары және мұрағатымен толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында 70 мыңға жуық бірегей және құнды жәдігерлер сақталған. Музей қорында жәдігерлерді дұрыс сақтау үшін барлық жағдай жасалып, кең жарық сақтау бөлмелері стеллаждар, арнайы сөре-шкафтармен жабдықталған. Қыста жылы және жазда салқын ауаны бір орталықтан кондиционерлеп жіберуді, ылғалдылық және жарық режимінің сақтауды, температуралық – ылғалдылық режимін сақтау шаралары «Мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі нұсқауға» сәйкес жәдігерлерді дұрыс сақтауға жағдай жасайды.