Мыңнан аса зияткер домбырашылар флешмобын өткізді

Мыңнан аса зияткер домбырашылар флешмобын өткізді

Қазақстанның барлық қалаларында ҚР Тұңғыш Президенті мерекесіне орай Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобын ұйымдастырды. Еліміздің түкпір-түкпірінде бір мезетте мыңнан аса домбырашы қазақ күйлерін орындаған болатын.

 

Мысалы, елордадағы Халықаралық мектептің оқушылары Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» және халық күйлері «Тепең көк» пен «Келіншекті» ойнады.

 

 «Ұлы Дала мұрагерлері» флешмобы жыл сайын барша зияткер оқушы мен ұстаз домбырашылардың басын қосып келе жатыр. Жылда қаланың ірі ойын-сауық орталықтарында өтетін шара биыл пандемияға байланысты мектеп қабырғасында өтті. Шара оқушылардың ұлттық дәстүрі мен музыкасына, оның ішінде көнеден келе жатқан серігіміз – домбыраға деген айрықша ілтипаты. Көппен бірге, ансамбльде күй ойнау – бірлік пен ынтымақтастыққа тәрбиелейтінін де айту керек, – деп бөлісті мектептегі домбыра үйірмесінің жетекшісі Қазбек Атамбаев.

 

Қазақтың қара домбырасы мен күйлерін насихаттауды мақсат еткен шара осымен жетінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Құралай Исаева, Нұр-Сұлтан Халықаралық мектебінің баспасөз хатшысы
30.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4141
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19075
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17747
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21176